Пятница, 29.03.2024, 10:17
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 254
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Педагогика

Ұлттық ойындарды ұйымдастыру және сабақта пайдаланудың жолдары (0020)
Мазмұны


Кіріспе .................................................................................................................. 3


І бөлім. Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі мен даму
тарихы.


1.1. Ұлттық ойындардың түрлері туралы түсінік және мерекелерде
ойналатын ойындар жайлы ұғым...........................................................6

1.2. Ұлттық ойындардың білімділік, тәрбиелік рөлі мен мәні................17


ІІ бөлім. Ұлттық ойындардың тақырыбына, мазмұнына, көздеген
мақсатына байланысты қарастырылу ерекшелігі.


2.1. Ұлттық ойындардың түрлерін әр түрлі пәндерде пайдаланып , жүзеге асырудың әдіс - тәсілдері..........................................................22

2.2. Ұлттық ойындарды ұйымдастыру және сабақта пайдаланудың жолдары......................................................................................................28


Қорытынды.........................................................................................................31


Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................33




Кіріспе

Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр Әл – Фараби : « Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім–адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі » -деген екен. Сонымен баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын арқылы байқалады, сондықтан оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай , өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы пікірлер айтылып, зерттеліп жүрген еңбектер өте көп. Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж. Ж. Руссо мен И. Г. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В. А. Сухомлинский ,
С. П. Шацкий және Н. К. Крупская өз пікірлерін білдірген. Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану-болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген. Себебі, ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттері мен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз ойындарғы тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға реттінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері өте көп. Мысалы, қазақ халқының ұлттық ойындары, бұл ойынның алғашқы танымы десек артық болмас.
Әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси-әлеуметтік және идиологиялық ерекшеліктері болатыны айқын. Сол сияқты, бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыз «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» - деп айтқандай, Қазақстан Республиасының Білім туралы заңында: білім алушылар мен тәрбиелеушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстар, ұлттық ойындар, семинарлар, конференциялар сондай-ақ, іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу көрсетілген.
Курстық жұмыстың мақсаты
Ұлттық ойыындар өзінің бастауын халықтық педагогикасының тұңғиығынан алады. Қазақстан ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты сонымен қатар мінез-құлықтық ерекшеліктерімен бірге күш-молдығын, білек-күшін, дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принцптеріне негізделген.
Қазақстан Республикасында 1993 жылдан бері барлық білім беру мектептерінде дене тәрбиесі бойынша типтік бағдарлама жүзеге аса бастады. Осы бағдарламада ұлттық ойындарға елеулі орын берілген. Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі де, көрінісіде болған. Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру, секіру элементтеріне бай болып келеді. Бұл ойындар секіруді, жүгіруді тугызуға мүмкіндік жасайтын қабілетті дамытады. Сонымен қатар, ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Алғашқы қауымдық құрылыс, дамыған кезеңі болды. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары еді. Халық арасында «Денсаулық -зор байлық» деп тегін айтылмаған. Демек, кезінде ұлттық ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру –жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағытталған.

Курсттық жұмыстың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық ойындарының білімділік, тәрбиелік мәнін айқындай отырып, зерттелуімен даму тарихын қарастыру және әрқайсысына түсінік беру.
Зерттеу міндеттері:
1. Ұлттық ойындардың теориялық негіздерін аша отырып, түрлерін қарастыру.
2. Ұлттық ойындардың дамуын айқындай отырып, жаңа бағыт беру.
3. Ұлттың ойындардың түрлерін бірнеше пәндерде пайдаланып жүзеге асыру.
Зерттеу объектісі: Ұлттық ойындардың түрлері, білімділік, тәрбиелік маңызы.
Зерттеу пәні: Педагогика
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспа материалдары, жаңа педагогикалық технологиялар, қорытындылары.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Категория: Педагогика | Добавил: sisx (10.10.2011)
Просмотров: 6223 | Рейтинг: 3.1/34
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz