Жеке адамның қалыптасуы мен дамуындағы тәрбиенің маңызы. (0013) - Педагогика - Каталог статей - Қазақша курстық жұмыстар
Суббота, 25.02.2017, 05:10
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 233
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Педагогика

Жеке адамның қалыптасуы мен дамуындағы тәрбиенің маңызы. (0013)

Мазмұны.

І.Бөлім.

Тәрбие жеке басты мақсатқа сәйкес қалыптастыру процесі.

1.1 Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөнінідегі теориялық көз қарастар.

1.2 Жеке адамды қалыптастыру рухани дамытуда тәрбиенің маңызы


ІІ. Бөлім.

Тәрбие-арнайы ұйымдастырылған және саналы жүргізілетін
педагогикалық қызмет.

2.1 Жеке адамның қалыптасуындағы тәрбиенің жетекші ролі.

2.2 Жеке басты қалыптастыруда жаңа тәрбие әдістерін пайдалану жолдары.

Қорытынды…………………………………………………………


Пайдаланылған әдебиете тізімі:………………………………….

Кіріспе.

Жеке адам тәрбиелеу мен қалыптастырудың тарихы ерте кезден басталған. Бұл мәселені ежелгі грек философтары біздің жыл санауымыздан бұрын қарастырса, ал қазіргі кезде белгілі педагогтар, психолог-тар, социологтар, мәдениеттанушылар және тағы басқа да көптеген мамандар мәселені зерттеп, жаңа турғыдан жан-жақты ғылыми негіздегі талдауларды жасауда.
Ежелгі философтар Платон және Аристотель адамның дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік факторлар мен тәрбиенің әсерін ескермей, ол тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деген дәлелдерді алға тартса, бихевиоризм бағытының негізін салушы американ психологы әдуард Торндайк ежелгі грек ойшылдарының тужырымдарына қолдау жасайды. Атап айтқанда, тұлғаның барлық қасиеттері геналарға, яғни шыққан тегіне байланысты деп есептелген. Ал ағылшын философы социологизаторлық бағыттың негізін салушылардың алғашқыларының бірі Джон Локк адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі деген сыңаржақ қорытындыға келді.
Сонымен жоғарыда қаралған мәселенің түйінін қорыта айтар болсақ, баланың дамуына ықпал ететін факторларға: тұқым қуалаушылық; әлеуметтік орта және тәрбие жатады екен.
Қазіргі кезде орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеқе тұлғаны қалыптастыру. Яғни қазіргі кезде жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігін ғана емес, оның жеке тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр. Бұл дегеніміз тұлғаның маңызды құндылықтарының және ішкі дүниесінің негізінде дүниетанымды қабылдауының даралығымен айқындалады. Білімділікті, біліктілікті тұлғаның интелектуалдық, эмоциональдық, өнегелілік потенциалынан бөлек қарауға болмайды. Бұл жағдайға байланысты белгілі орыс педагог ғалымы Г.М.Анохина тұлғаның танымдық қабілетін дамытуға жағдай жасап, оның құндылық-эмоциональдық қабылдауына зиянын тигізе жүргізген оқыту тұлғаны қалыптастыруда технократтық ойлауымен сыңаржақтылыққа әкелетіндігін айтады. Технократтық парадигмаға тән ұран "Күш - білімде", ал оқу-тәрбие процесіндегі нәтижелер "иә-жоқ", "біледі-білмейді", "тәрбиелі-тәрбиесіз", "меңгерген-меңгермеген",- деп бағаланады. Баланың құндылығы "жақсырақ-жаманырақ", "күштірек-әлсізірек" деген принцип бойынша анықталады. Ал бұл өз кезегінде бәсекелестікті туғызады. Кемшіліктерге қарамастан, технократтық парадигма білімнің жоғары деңгейін көрсетеді.
К.Д.Ушинский балаларды зерттеп олардың жеке адам ретінде қабілеттерін және қызығушылығын білу қажеттігін талай рет атап көрсеткен болатын. Н.Х.Вессель баланы "субъект" және "объект" ретінде қарастыра келе субъект ретінде тұқым қуалаушылық үлкен мағынаға ие екендігін, ал екінші жағдайда тәрбиенің рөлі басым екендігін айтады.
Қазақстандық ғалымдар Ж.Әбиев, С.Бабаев, және А.Құдиярова "индивид"- деп адамзат тегінің әрбір бөлек өкілін, оның сапа қасиеттеріне қатысынсыз тануға болатын және бұл тұрғыдан әрбір ақыл-есі дұрыс адам "индивид" бола алатынын айтады. Сонымен қатар бұл авторлар "жеке адам" ұғымын қолданып, оған төмендегідей анықтама береді: "Жеке адам"-адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді. "Адам"- ойлау және сөйлеу сыйына, құрал-сайман жасай және еңбек процесінде оны қолдана алатын қабілетіне ие тірі организм, ол физикалық және руха-ни, табиғи және әлеуметтік, тұқым қуалаушылық және иемденушілік бірлікті білдіреді. "Тұлға" деп қоғамдық дамудың өнімін, еңбек, қарым-қатынас және таным субъектісін, қоғамдық өмірдің нақты тарихи жағдайында анықталған адамды айтуға болады.
"Адам", "индивид", "тұлға", "даралықтағы жеке бас" ұғымдарын салыстыра келіп, ғалымдар әрбір адамзат баласы өмірге жеке адам болып келеді, "тұлға" ретінде қалыптасады, ал даралықтағы жеке бас ретінде өзін сақтап қалады - деген тұжырымға келеді. Тұлғаның өмір барысында "дамуы", "қалыптасуы" ұғымдарымен қатар, соңғы кезде педагогика ғылымында "социализация" ұғымы да кеңінен қолданылып жүр. Социализация дегеніміз адам мен қоғамның өзара қатынасы, тұлғаның әлеуметтік ортаға интеграция процесі, яғни бейімделуі. Тұлғаның жан-жақты ашылуына дұрыс ұйымдастырылған оқыту мен тәрбиелеу септігін тигізуі тиіс. Бұның басты принципі баланың барлық қызығушылығын, мүмкіндігін және шығармашылық қабілетін көрсетуге жан-жақты ықпал ету. А.Маслоу шығармашылық адамның жан-жақты әрекеті, яғни өзін-өзі көрсетудің барлық түріне және адамдардың жан-жақты сипаттамасына әкеледі. Шығармашылыққа деген қабілет әрбір адамда бар және оған арнайы талант керек емес деген пікірді айтады.


Курстық жұмыстың мақсаты:
Жеке адамды тәрбиелеу мен қалыптастыруда тәрбие ісінің маңызын ашып көрсетіп, оларды тәрбие процесінде тиімді қолдану жолдарын қарастыру .
Зерттеудін міндеттері:
1.Жеке адамның саналық құндылықтарын қалыптастыруда тәрбиенің педагогикалық-психологиялық мәселелерін қарастыру.
2. Жеке адамның қалыптасуы мен дамуына тәрбиенің айрықша жетекшілік рольнің маңыздылығын ашу.
Зерттеу обьектісі:
Жеке адамның қалыптасуы мен дамуындағы тәрбиенің маңызы.
Зерттеу пәні: Педагогика.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Педагогикалық құбылыстарды бақылау, әдебиетерді зерттеу, педагогикалық тәжірибе, салыстыру мен қорытындылау.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады..
Категория: Педагогика | Добавил: sisx (10.10.2011)
Просмотров: 16065 | Рейтинг: 3.5/38
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz