Пятница, 29.03.2024, 02:42
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 254
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Психология

Жеткіншектік шақта оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі мен өзіндік санасының жетілуінің негізгі кезең (0016)
Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………...………………………... 3-5
І бөлім. Өзін-өзі тәрбиелеу – тұлғалық қасиеттерді жетілдірудің негізгі
жолы
1.1. Өзін-өзі тәрбиелеу ұжымы, оның мәні……………………………….…...6-7
1.2. Өзін-өзі тәрбиелеуге ықпал ететін факторлар мен өзін-өзі тәрбиелеудің
әдіс-тәсілдері………………………………………………………………8-12

ІІ бөлім. Жеткіншектік шақта оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі мен өзіндік
санасының жетілуінің негізгі кезеңі
2.1. Жеткіншектердің өзіндік санасының қалыптасуы мен өзін-өзі
тәрбиелеуінің көріну ерекшеліктері…………………………………….13-18
2.2. Жеткіншектердің тұлғалық қасиеттерін жетілдіру мен өзін-өзі
тәрбиелеуін қалыптастырудың жолдары……………………………….19-22

Қорытынды…………………………………………………………………….23-25
Әдебиеттер тізімі…………………………………………………………………. 26




Кіріспе
Жас буынға ана тілін меңгерту, халқымыздың қастерлі салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, үлгі-өнегесін, тәлім-тәрбиесін дәріптеу, елдің тарихын, ұлттың мәдениетін таныту, өнерін жаңғырту ең өзекті мәселелер болып табылатындығы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «…біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын …» атап көрсетуі дәлелдей түседі.
Ғасырлар бойы талай әнге, жырға арқау болған қазақ қыздарының бойындағы нәзіктік пен биязылық, әдептілік пен иманжүзділік азайып, ұлдарымыздың азаматтық ой-парасаты мен ерлік істері, жомарттығы, адами-кісілік келбеттері ұсақталып бара жатқаны алдыңғы буын өкілдерін алаңдатары анық. Еңбек етуді өмірлік қажетті іс деп білмейтін дөрекі топастар, қымбат бағалы шетелдік киімдер киіп, сыртын жылтырату мен бет-аузын, кірпігін бояп, тырнағын өсіруді мәдениеттілік деп түсінетін даңғаза, ақсаусақ жандар, ұры-қарылар мен зиянқорлар, нашақорлар мен маскүнемдер санының, жыл санап өсе түсуі, дүние-мүлікті тонау мен адам өміріне қауіп төндіру, ауыр жарақат салу сияқты қылмысты істердің көбеюі көпшілік арасында да оң пікір тудырмасы мәлім. Ендеше, ұлттық ар-намысты жоғары ұстауға қабілеті жетпейтін жігерсіз де әлжуаз ұрпақ санының өсе түсуінің негізгі себептері неде? Біздің ең алдымен осы жағын ашып қарауымыз керек.
Жоғарыда ашына айтқандай күнге түсуіміздің себептерінің бірі жас жеткіншектерімізге туған халқының, өз ұлтының мөлдір бұлағынан сусындауға мүмкіншілік жасай алмауымыздан ба деп ойлаймыз. Сан ғасырлардан бері қарай қалыптасып келген халық ауыз әдебиетінде, таусылмас қазынасы - айшықты алтын сөзінде, әні мен жырында, салт-санасы мен әдет-ғұрпында қаншама педагогикалық мәдениет, терең мағына, ғалами әсемдік, батылдық пен ерлік, әділдік пен шындық, ар-ұят пен намысты ояту мен өз елі мен жеріне, ұлтына деген сүйіспеншіліктің, кісілік пен адамгершілік қасиеттердің небір інжу-маржаны бола тұра, оларды тәрбие мәселесінде дұрыс пайдалана алмай келеміз.
Екіншіден, жастар арасында жұмысыздықтың көбеюі, күнкөріс қамымен кетіп, балалардың мүлде қараусыз қалуы бәріміздің арқамызға батып отырған қиыншылық.
Үшіншіден, тәуелсіз телеарналар мен газеттер арқылы көрсетіліп, насихатталып жатқан қатыгездік, зорлық-зомбылық пен порнография жастар арасында теріс тәрбие мен жат қылықтардың етек алуына жол ашып отыр.
Төртіншіден, мектепте тәрбие жұмыстары мен қоғамдық ұйымдардың (балабақша, пионер, комсомол ұйымдары т.б.) қысқаруы, яғни қазіргі жүйеде тәрбие ісімен айналысатын, белгілі бағыт-бағдары, анық та айқын, жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде батыл шешім қабылдауға қауһарлы құрылымның болмауы.
Мұны осылай дей отырып, енді халықтық тәрбиеге сөз арнайық. Біз айтып өткен жеткіншектер, яғни болашақ перзент бойына біткен жас келіншектерді қорғаштап тозаңы мен кір-қоқысы бар жұмысқа салмай, шошып қалмасын деп түнде далаға жалғыз шығармай, нәрлі де дәмді ас ішуін қадағалап дегендей, баланың өмірге аман-сау келуіне жағдай жасаған. Сонымен бірге «Қарағым, у-шу, ұрыс-керіс болып жатқан жерге барма, бейпіл ауыз адамнан аулақ жүр, әйтпесе бөпеңнің мінезі шәлкем-шалыс, жүйкесі жұқа, жылауық болады», «даурығып даусыңды көтермей, биязы сөйле, көңілді жүруге тырыс, бала жайдары болсын, ән тыңда, күйге құлақ сал, бала өнерлі болсын, сұлу көрініске, келбетті кісіге қара». Нәресте шыр етіп жарық дүниеге келіп, ана сүтімен ауызданғаннан бастап сыртқы тіршілікті тануы, тілді ұғып-үйренуі анамен тығыз байланысты. Ана өз перзенттеріне ана тілін ақ сүтімен сіңіру арқылы белгілі бір халықтың қадір-қасиетін, жан дүниесін, тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін, кейбір мінез-құлық ерекшеліктерін жеткізеді. Нағыз аналар осы міндетті атқарумен ардақты.
Ана бауырынан шыққан бала айналасындағы заттарды, жәндіктер мен өсімдіктерді, табиғат құбылыстарын, әйтеуір көзіне түскен, құлағына дыбысы келгеннің бәрін ұғуға құмартады, сондықтан да сұрай береді. Бұл - табиғи қажеттілік. Баланың өсу, жетілу, қалыптасуының аса жауапты шағы осы жерде басталады.
Жас бала тым еліктегіш, назары бір нәрседен екіншіге тез ауытқыш. Сондайда ата-аналардың өте мұқият болып, баланың түсінгісі келгенін анықтап
айтып бергені жөн. Баланың тілінің жатық, әдемі болуына өлең мен тақпақтар айтып жаттаудың мәні ерекше. Мұндайда «Бала әлі жас қой,, ой-санасына салмақ түсірудің керегі не, есейе келе өзі-ақ үйренер» деген шолақ ойдан аулақ болған жөн.
Қазақтың кез келген қара баласы алты-жеті жасынан бастап-ақ ән салған, өлең айтып, күй шерткен, жыр жаттаған. Талайлары он бір - он үшінде-ақ шаршы топтың алдында тайсалмай сөз сайысына түскен. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды, тарих куә.
Ұрпақ тәрбиесінің келесі бір діңгегі, тыйым сөздерде жатыр. Жаман әдеттен жирендіріп, жақсылыққа үйретеді.
Ел аузындағы тыйым сөздерде қаншама философиялық ойлар мен мән-мағына, тәрбие мен ғибрат жатыр десеңізші!
Халқымыз университетсіз, академиясыз-ақ қызын қылықты, ұлын білікті қылып өсіре білген. Сондықтан да асыл қасиетті, абыройлы ұрпақ өсіруде ұлы халықтың ұлылығына сүйенсек, оның бай мұрасын ала білсек ешқашанда жаңылмаймыз дегім келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жеткіншектік шақтан оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуінің сипатын ашу, өзін-өзі тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін айқындай отырып, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
1. Өзін-өзі тәрбиелеу ұғымының мазмұнын анықтау, өзін-өзі тәрбиелеудің мәніне сипаттама беру.
2. Өзін-өзі тәрбиелеу әрекетіне ықпал ететін факторларды белгілеп, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін көрсету.
3. Жеткіншектік кезіндегі өзіндік санасының жетілуі мен өзін-өзі тәрбиелеу қылықтары мен әрекеттерінің көріну ерекшеліктеріне сипаттама беру.
4. Жеткіншектердің тұлғалық қасиеттерін жетілдіру жолдарын айқындау, өзін-өзі тәрбиелеуден қоғамдық-әлеуметтік, педагогикалық шараларды анықтау.
Зерттеудің объектісі: Өзін-өзі тәрбиелеу әрекеті.
Зерттеудің пәні: Психология.
Зерттеудің әдістері: ғылыми әдебиеттер, оқулықтар, озат тәжірибе,
баспасөз материалдары, бақылау.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, қосымшадан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Категория: Психология | Добавил: sisx (10.10.2011)
Просмотров: 3782 | Рейтинг: 3.0/10
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz