Жеке адамның эмоциялық қасиеттерін тәрбиелеудің теориялық негіздері.(0014) - Психология - Каталог статей - Қазақша курстық жұмыстар
Суббота, 25.02.2017, 05:07
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 233
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Психология

Жеке адамның эмоциялық қасиеттерін тәрбиелеудің теориялық негіздері.(0014)
Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………….3
І бөлім. Жеке адамның эмоциялық қасиеттерін тәрбиелеудің теориялық негіздері.
1.1. Жеке адамның бойындағы эмоциялық көңіл-күйлерінің қоршаған болмыстағы маңызы……………………………………………………………7
1.2. Сезімдердің, адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланыстылығы, оларды тәрбиелеудің әлеуметтік сипаты……………….10

ІІ бөлім. Әлеуметтік ортаның адамның тұрақты қасиеттерінің қалыптасуына әсері.
2.1. Адамның психикалық қалпын білдіретін сезімдері мен эмоцияларын іс-әрекеті үстінде қалыптастырудың жолдары……………………………...14
2.2. Оқушы сезімдерін жүйелі және жоспарлы түрде дамытудың әдістері…………………………………………………………………………20
Қорытынды…………………………………………………………………..27
Қосымша……………………………………………………………………...29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………30



Кіріспе

Қоршаған ортада кезіккендердің бәрі адамда оларға деген қандай да бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардың бірі ұнап - қуантса, екіншісі - қапаландырып, жеккөрушілік тудырады. Сезім түрі сан-аулан. Төңіректегі нысандардың жеке қасиеттері мен сапаларының өзі де адамның, белгілі сезіміне себепші болады, мысалы, түсі ұнамайды, дауысы жағымсыз, дәмі татымсыз т.с. Өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделірек сезімдерге себепші келеді. Сезім ауқымы өте кең: өкініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, таңдану мен жиіркену мұндай сезім түрлерін шексіз келтіруге болады. Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір - өшкен өмір. Ұлы ғұлама Ә.Науаи «Сезімсіз адам - кесек, махаббатсыз адам — есек», - деген екен. Көп сезімдерге адамның өзі құштар. Егер сол сезімдер қандай да себептермен болмай қалса, адам «эмоциялық ашырқауға» келіп, оның орнын толтыру үшін ән-күй тыңдайды, әсерлі фильмдер көріп не қым-қиғаш оқиғалы кітаптар оқиды.
Психологтар көп заманнан бері осы сезім мәселесінің төркінін ашумен айналысуда. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бұл сұрақ төңірегінде ортақ көзқарас пайымдалмады, дегенмен интеллектуалистік теория бағыты кең өріс алды. Бұл бағыт мәні - адамдағы барша органикалық көріністердің негізі психикалық құбылыстардан деген тұжырымнан шығарылды. Неміс психологі Гербарттың ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенің ірге тасы елестер деп саналды. Бұл теорияға орай сезім-елестер арасындағы байланыстарға сай қарама қайшылықтарға жауап ретінде жүзеге келеді. Мысалы дүниеден өткен адамның бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өз негізінде бұл кейіп ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекет- қылыққа себепші болады.
Неміс ғалымы В.Вундт та осы бағытты қолдады, бірақ оның тұжырымдары эклектикті, яғни әртүрлі психологиялық қарама-қарсы көзқарастарды қалай болса, солай қоса салуға негізделген еді. Оның пікірінше эмоция - бұл алдымен сезімнің елес жүрісіне тікелей ықпал етуімен сипатталатын адамның ішкі өзгерістері, ал кей жағдайда, ішкі өзгерістердің сезімге әсері, ал органикалық процестер - эмоцияның салдары ғана.
Эмоцияның қазіргі заман тарихы У.Джемстің 1884 ж. жарияланған «Эмоция деген не» атты мақаласынан басталды. У.Джемс және бұған байланыссыз Г.Ланге пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі - сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінің бәрі - эмоциялық күйді танытады. «Біздің қайғыруымыз - жылағанымыздан; қорқуымыз - қалтырауымыздан; қуанғанымыз – күлгенімізден» (У.Джемс). Сонымен, эмоция салдары болған дене шетіндегі (перифериялық) органикалық өзгерістер, ғалымдар ойынша, сезімдер себебіне ауысады. Осыдан эмоциялардың ырықты реттелуінің қарадүрсін түсініктемесі беріледі мысалы, ұнамды эмоцияға тән әрекеттерді әдейі жасаумен қажет болмаған қасірет сезімін басуға боладымыс.
Джемс-Ланге тұжырымы бірқанша қарсы көзқарастар пайда етті. Негізгі сын айтқан У.Кеннон: әртүрлі сезімдерге байланысты жауап әрекеттер бір-біріне өте ұқсас, сондықтан олар адамның сан-алуан эмоциялық қасиеттеріне сай келе бермейді. Мысалы, қазақ келісу сезіміне орай басын изейді, ал болгар - шайқайды; африканың бір тайпа өкілдері сүйген адамының бетіне түкіретін көрінеді ал қазаққа бүйтіп көр... Сонымен бірге, адамның әдейі істеген жасанды әрекеттері қажетті көңіл-күйді бере алмайды. Кейде, мысалы, жағдайға орай «молдамыз» шығып, сіресе бағып, соңына шыдай алмай, күліп жіберетініміз осыдан.
Психологтардың үлкен тобы сезімді жай-күйлік қалып аймағынан шығарып, дененің әсер еткен жағдайға, оқиғаға болған жауап әрекеті деп танығанды жөн көреді. Мұндай түсінік Ч.Дарвин еңбектерінде де берілген. Эмоциялық әрекеттердің көбі өздерінің пайдалы болуымен қажет, мысалы, жануар қаһары жауын қорқыту үшін керек, немесе олардың кейбірі өткен эволюциялық дамудың бір кезеңінде қажет болған әрекеттердің нәсілден нәсілге ауысып келе жатқан қалдығы. Мысалы, алақанның қорқыныштан дымқылдануы бір уақыттары біздің маймыл тектес бабаларымызға қауіп-қатер төнгенде ағаш бұтақшаларын берік ұстауға жәрдемін тигізген. Кейін бұл теорияны Э.Клапаред жалғастырды. Ол «қандай да бір сезімнің туындауы - адамның кезіккен жағдайға икемделе алмауынан. Егер адам қашып, құтыла алатын болса, ешқандай қорқыныш сезіміне түспейді», - деп жазады.
Ендігі бір оқшауланған теориялар тобы сезім табиғатын адамның ақыл-ой (когнитив) мүмкіндіктерімен байланыстырады. Олар ішінде Л.Фестингердің сана үйлесімсіздігі теориясы өз алдына. Бұл көзқарастың мәні адам бір нысан жөнінде біріне бірі психологиялық қарсы екі пайым ортасында таңдау ете алмай, күйзеліс эмоциясына түседі яғни санадағы «білімдер» үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады. Ал іс- әрекеттің нақты нәтижесі мен көзделген ниет өзара сәйкес келсе, адамда жағымды сезім туады. Ақыл ой үйлесімсіздігінен құтылудың екі жолы бар: 1) өз ниетіңді шындыққа сәйкес өзгерту; 2) ниетке сай болатындай әрекеттің жаңа жолдарын іздестіру. Сонымен, когнитивтік теория адамның сезімдік кейпін оның әрекет, қылықтарының негізгі себепшісі ретінде қарастырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: жеке адамның сезімдері мен эмоцияларының іс- әрекеті үстінде қалыптасу ерекшеліктерін қарастыру, оларды дамытып, тәрбиелеудің жолдарын айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Жеке адамның психикалық көңіл-күйлерінің педагогикалық-психологиялық мәселерін қарастыру.
2. Сезім мен эмоцияларын дамытып, қалыптастырудың маңыздылығын айқындау.
Зерттеу объектісі: Жеке адамның эмоциялық қасиеттерін.
Зерттеу пәні: Психология.
Зерттеу әдістері: Тақырыпқа байланысты ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау, сұрыптау жасау, озық тәжірибелерді жинақтау.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қосымшадан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Категория: Психология | Добавил: sisx (10.10.2011)
Просмотров: 2650 | Рейтинг: 2.5/11
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz