Қиял (0022) - Психология - Каталог статей - Қазақша курстық жұмыстар
Суббота, 25.02.2017, 05:09
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 233
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Психология

Қиял (0022)
Кіріспе
1.1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қиял. Қиял бейнелері
2.2. Қиял дегеніміз не?
2.3. Қиялдың маңызы
2.4. Қиял түрлері
2.5. Арман
2.6. Қиялдың физиологиялық негізі.
2.7. Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял.

ІІІ. Қорытынды
3.1. Қиялдың даралық айырмашылықтары және балалардың
ойыны мен ересек адамдардың әрекетінде қиялдың дамуы.
3.2. Қиялдың түрлері.

Пайдаланылған әдебиеттер





Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы

Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселерінің бейнесін көз алдына елестетіп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың, соны, жаңа елестер мен идеялар тудырады. Осындай жаңа, соны бейнелер мен идеяларды қиял деп атаймыз. Қиял —тек адамға ғана тән, соған меншікті психикалық процесс. Жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял — адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық процестердің түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы психикалық әрекеттерінде бір ғана процестің дараланып жеке кездесуі мүмкін емес. Ондай процестер бір бағытпен, арнамен өзара ұштасып, араласып жатады. Солардың ішінен адам әрекетінде бір-екеуі жетекшілік қызмет атқарады. Сонымен, қиял дегеніміз — бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың образдарын жаңғыртып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек адамға ғана тән психикалық процесс.
Адам қиялына меншікті бірсыпыра ерекшеліктерді мынадай етіп топтастырып көрсетуге болады:
а) әрбір адамның қиялы оның жеке басының қызығуы мен ерекшелігіне, алдына қойған мақсат-мүддесіне байланысты болып отырады. Мысалы, жаңадан машина жасауды ойластырып жүрген инженердің белгілі тетіктерді жетілдіру үшін оларды жасап шығарудың әдіс-тәсілдерін қарастыруын, емтихан тапсырайын деп жүрген студенттің іс-әрекетін, шөл далада сусап келе жатқан жолаушының қиялын салыстыра отырып, олардың әрқайсысының мүдде-мақсатын айқындауға болады.
ә) Қиялдың мазмұн-мәнісі, түр-сипаты адамның жас ерекшелігіне, білім дәрежесі мен өмір тәжірибесіне, дара басының ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, өмір-тіршілігінде көріп білгені мен көкейге түйгені көп білімдар адамның қиялы мен жеткіншек жастың қиялын бір мөлшермен салыстырып қарауға болмайды.
б) Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен тығыз ұштасып жатады. Мысалы, мақсат еткен мүдделі ісін жүзеге асыру үшін адам оның әр түрлі жолдарын іздестіреді. Бұл қиялмен тығыз байланысты. Адамның ерік-жігері, қайраты оның жоспарлаған мүдделі ісін жүзеге асыруынан көрінеді. Қиялда ойлау процесі ерекше орын алады. Осы ретте, кеңес психологі А. В. Брушлинский қиялды ойлаудың ерекше бір түрі деп санайды. Бұл пікірді қостаушылар қазіргі уақытта да кездесіп жүр. Өйткені, ойлау белсенділігі адамды шығармашылық істер мен әрқилы әрекеттерге жетелейді.
Физиолог И. М. Сеченевтың қиялға байланысты пікіріне сүйенсек, адамның басына оның есінде орын тепкен элементтерден құралмаған бірде-бір ойдың келуі мүмкін емес. Ол тіпті ғылыми табыстарға негіз болатын жаңа ойлардың өзін бұл ережеден шығарып тастауға болмайды деген пікір айтқан еді.
в) Адамның қиялы еңбек процесінде іс-әрекет үстінде дамып отырады. Мұндағы шарттар: саналы мақсат, болашақты болжай білу, оны өңдеп елестете алу. Адам қиялына тән мұндай қасиеттер оның психикасын жануарлар психикасынан өзгешелеп тұрады.




.

.
.
.
.
.
.
.
.
Категория: Психология | Добавил: sisx (10.10.2011)
Просмотров: 2168 | Рейтинг: 3.5/18
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz