Суббота, 29.04.2017, 00:43
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 238
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Педагогика

Отбасы мен мектеп – балаға тәрбие берудің негізгі ошақтары (0029)
Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................................3-4

1.Бөлім. Отбасы мен мектеп – балаға тәрбие берудің негізгі ошақтары...........................................................................................................5-13
1.1. Мектеп, отбасы мен жұртшылықтың одағы – бала тәрбиесінің табысты болуының кепілі...................................................................................................5-9
1.2. Баланы отбасында дұрыс тәрбиелеудің алғы шарттары.........................9-13

2.Бөлім. Мектеп пен отбасының бірігіп атқаратын жұмыстарының инновациялық бағыттыры..........................................................................14-25
2.1. Мектептің ата-аналармен бірлескен жұмысының негізгі жолдары.............................................................................................................14-18
2.2. Мектептің, мұғалімнің ата-аналармен жұмыс істеу формалары........................................................................................................19-26

Қорытынды.........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................28




Кіріспе
Кез келген баланы ата-ана, мұғалім, балалар ортасы тәрбиелейді. Оған өмірдің түрліше жағдайлары әсер етеді. Тәрбиешілердің әсері оның ой сезімін, қимыл – шешімін тез оятады. Ендеше бұл – тек оны ғана тәрбиелеп қоймайды, сонымен бірге ол өзін-өзі де тәрбиелейді деген сөз. Өзін-өзі тәрбиелеу әрқашанда тәрбиенің маңызды рөлі болып табылады.
Егер мектептің үйрететін шындығы отбасында үйретілген шындықпен үйлесіп келетін болса, оқушы мұғалімдерге, жолдастарына сенеді, оның өз ата-анасы мен жалпы адам баласын жақсы көруі артады.
Қазіргі заманда отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп отыр. Оған дәлел 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған, кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған «Баланың құқығы туралы Конвенция» бола алады. Онда «Бала толық және гармониялы дамуы үшін, ол мейірім мен өзара түсіністігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай-ақ, бала әлі де ақыл-ой жағынан толлыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше мейірімділіккен, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық қамқорлыққа мұқтаж» делінген.
Мектептің ұйымдастырушы тәртіп орталығы ретіндегі қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі мектептің, отбасының және жұртшылықтың күшін біріктіру. Бұл жұмыстың мазмұны, әдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі болады. Онда педагогикалық процестің объективті заңдылықтарын білу; қазіргі жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу; Қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму тенденцияларын түсіну, мұғалімнің, ата-аналар, жұртшылық өкілдерімен жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі.
Белгілі педагог В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінде «мектептік – отбасылық тәрбие» ұғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртұтас және оны қалыптастыру процесі де біртұтас сипат алады. Міне, осындай біртұтас тәрбие процесінде мектеп жетекші орын алады.

Зерттеу мақсаты: Мектеп, отбасы мен жұртшылық іс-әрекетінің инновациялық бағыттарын зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
- Тәрбие берудің негізгі ошағы – отбасы мен мектептің негізгі іс-әрекеттерін қарастыру.
- Мектептің ата-аналармен бірлескен жұмысының жолдарын айқындау.
- Мектептің отбасымен атқаратын жұмыс формаларын көрсету.
Зерттеу объектісі: Мектеп, отбасы мен жұртшылықтың бірлесе атқаратын іс-әрекеттері.
Зерттеу пәні: Педагогика.
Зерттеу әдістері: Ғылыми педагогикалық әдебиеттер, баспасөз материалдары, озат педегогикалық тәжірибелер, жаңа педагогикалық технологиялар, бақылау қорытындылары.
Курстық жұмыс кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Категория: Педагогика | Добавил: sisx (20.10.2011)
Просмотров: 3196 | Рейтинг: 2.9/15
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz