Оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру мен бақылау жолдары. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру (0033) - Педагогика - Каталог статей - Қазақша курстық жұмыстар
Четверг, 19.01.2017, 20:06
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 232
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Педагогика

Оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру мен бақылау жолдары. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру (0033)
Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………..3-4

І Бөлім. Оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі мұғалімнің шеберлігі

1.1. Педагогикалық шеберліктің қалыптастыру
жолдары………………………………………………………...5-9

1.2. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары……...……………………9-16

ІІ Бөлім. Оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру мен бақылау жолдары

2.1. Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы………...16-19

2.2. Бақылау әрекетінің ерекшеліктері………………….19-23
формалары

Қорытынды…………………………………………………24-25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………26







Кіріспе

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады.
Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П. Горбунов, Е. С. Березняк, В. И. Иващенко, А.К.Исақов, Е. И. Перовский, С. Ф. Сухорский, Н. В. Чертинский, В.О.Онищуктің ғылыми педагогикалық еңбектеріңде талданған.
Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында М. Р. Львов, Н. Н. Светловский, А.П.Пышкало, Т. Л. Коган және т.б. теориялық талдау жасаған.
Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады, себебі "есепке алу", "бақылау", "бағалауды" ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.
Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің "5" балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік, оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту процесінің сапасын арттыруда мұғалім әркезде бағалау жүйесін дұрыс қолдана алмайды.
Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отыра, білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы және практикада қолдану тәжрибесі арасында әлі де болса қарама қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде бұл мәселенің қалыптасуы мен даму динамикасын бірнеше кезеңге болуге болады.
20 жылдары үй тапсырмасын беру, білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды, соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау орнына "бригадалық- лабораториялық" әдіс жүйесіне негізделген "өздігінен бақылаудың" түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауапкершілсіздікке екелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері ықпалын тигізді.
Категория: Педагогика | Добавил: sisx (24.10.2011)
Просмотров: 9482 | Рейтинг: 3.2/112
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz