Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесін халық ауыз әдебиеті арқылы тәрбиелеу (0001) - Педагогика - Каталог статей - Қазақша курстық жұмыстар
Суббота, 25.02.2017, 05:08
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 233
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Педагогика

Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесін халық ауыз әдебиеті арқылы тәрбиелеу (0001)
Мазмұны


Кіріспе…………………………………………………………………………..3
І.Бөлім. Оқушылардың интеллектуальдық және ақыл-ой күштеріне дамытудағы оқытудың мәні
1.1. Негізгі сыныптарда оқуды тиімді ұйымдастыру жолдары ……...4-7
1.2. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары және оның маңызы...…………8-10
ІІ.Бөлім. Дүниетанымды қалыптастыру мен ақыл-ой дамытудың халықтық жүйесі
2.1. Ақыл-ой тәрбиесіндегі халық ауыз әдебиетінің алатын орны..11-16
2.2. Оқушылардың бойына интеллектуальды іскерлік пен дағдыларды дамыту……………………………………………………..16-24
Қорытынды…………………………………………………………………..25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………26





Кіріспе
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас бұлақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. "Көзбен көрген, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат".
Халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес келетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз.
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.

Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі — адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.


Қорытынды
Ақыл-ой тәрбиесі— балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді интеллектуальдық дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиды.
Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгеруге қабілетті етеді.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады. Олар:
— ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау;
— негізгі ойлау операцияларын меңгерту;
— зиялылық біліктерді қалыптастыру;
— дүниетанымды қалыптастыру;
Аталған міндеттерге жеке-жеке тоқталайық.
Білім қорын жинау. Оқушыға зиялы белсенді іс-әрекетке қажетті ақылдың бірде-бір құнды сапасы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда білімдер көлемін беру ұғымын қарастыра отырып қараймыз. Білімдер көлемі қоғамның мәдени дамуының деңгейімен сипатталады. Олай болса білім көлемі ұғымы салыстырмалы ұғым.
Өмірге жолдама алушы жастың білімдерінің ауқымы өз бетімен білім алуға негізделген білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіптік дайыңдығының сырымен анықталады. Белгілі бір білім қорын жинау ең алдымен нақты оқу материалын меңгеруді қажет етеді. Мұның құрамына деректер, атаулар, белгілер, адамдар мен заттар аттары, атаулы күндер, ережелср, заңдар, заңдылықтар, формулаларда бейнеленетін және араларыңдағы байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы, жеке, нақты, абстрактілі түсініктер кіреді. Сонымен қатар білімдерге сол білімдерді қолдану ауқымы мен тәсілдерді білу, оларды пайдалану әдістерін игеру.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері А., 1991.
2. Бержанов Қ, Тәрбие мен оқытудың бірлігі. Алматы 1973.
3. Көшекпаев Н. Оқыту теориясы Алматы, Мектеп 1976.
4. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика Астана 1998.
5. Лемберг Р. Оқыту әдістері. Алматы. 1991.
6. Нұрғалиева Г. Оқыту әдістері. Алматы 1958.
7. Сабыров Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. Алматы.
Сейталиев К. Тәрбие теориясы. Алматы. 1986.
8. Ұзақбаева С. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. Алматы 1990.

Категория: Педагогика | Добавил: sisx (25.09.2011)
Просмотров: 4146 | Рейтинг: 3.8/12
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz