Вторник, 22.08.2017, 23:24
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 240
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Педагогика

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәртіптілікке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдері (0030)
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды тәртіптілікке
және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдері Мазмұны


Кіріспе……………………………………………………….…………3-4

І Бөлім.

1.1. Тәртіптілік және мінез-құлық мәдениеті туралы ұғым.
Оның мектепке дейінгі балалардағы көрініс ерекшелігі……….5-9

1.2. Мектепке дейінгі балаларды тәртіптілікке,
мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу шарттары………………..10-12

ІІ Бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың тәртіптілігі
мен мәдениетін жас ерекшелігіне байланысты тәрбиелеу

2.1. Тәртіптілікке және мінез-құлық мәдениетіне
тәрбиелеудің әдістері…………………………………………..13-15

2.2. Балалар шағымдары, тәрбиешінің оған көңіл бөлуі……...16-21

Қорытынды……………………………………………………………..22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………23


Кіріспе

Тәртіптілік, тәртіпке әдеттену — өз мінез-құлқын қоғамдық тәртіптің белгіленген нормаларына міндетті және саналы түрде бағындыру. Тәртіптің болуы кез келген іс-әрекетті, әсіресе коллектив жағдайында, ұйымдастыру үшін өте қажет. Тәртіптілікті жүзеге асыра отырып, адам қоғамда мінез-құлық ережелеріне, өзімен бірге еңбек етіп, бірге тұратын, бірге дем алатын адамдарға деген өз құрметін де көрсетеді.
Тәртіп адамның қалыптасуында маңызды роль атқарады, оның коллективтің ортақ талаптарына бағыну қабілеті, онда қалыптасқан өмір ережелерін орындау, ортақ мүдделерге немесе оны орындау мүмкіндіктеріне қарсы орынсыз тілектерден өзін тыя білу, мінез-құлық ұйымшылдығы, тіл алғыш болу, өзін бақылай білу сияқты жақтарын тәрбиелеуге көмектеседі. Сондықтан да тәртіп бүкіл тәрбие жұмысының нәтижесі ретінде қаралуға тиіс.
Тәрбиелеу жағдайлары дұрыс ұйымдастырылған кезде мектеп жасына дейінгі балалық шақта балалардың тәртіптілігі едәуір өседі. Мәселен, сәбилер тобындағы кездің өзінде-ақ олар педагог әдейі жасаған жағдайға мүдделі болу ықпалымен ұстамдылық, ұйымшылдық көрсетеді (қуыршақты оятып алмас үшін серуенге шығар алдында орындықтардан ақырын тұрып, ойыншықтарды жинайды, Петрушканы киіндіруге ұмтылады және т. б.).
Балалардың мінез-құлық ережелеріне сай келетін қылық тәжірибелерінің жинақталуына көмектесе отырып, педагог бұл қажетті мінез-құлық әдістерінің нығаюына, неғұрлым саналы түрде, орнықты болып, педагогтың бақылауымен, сондай-ақ өз бетінше көрінуіне қол жеткізеді. Мектепке дейінгі ересек балалар тәртіпті мінез-құлықтың қалыптасуы нәтижесінде қажетті іс-қимылды іріктеп алуға, мынадай пікірлер туғызуға қабілетті болады: «Қалаймын, бірақ істеуге болмайды, сондықтан да өз ойымнан бас тартуға тиіспін», «Қаламаймын, бірақ осылай істеу керек, сондықтан да тапсырылған істі орындауға тиіспін».
Педагогика жеке адамның адамгершілік сапаларының қалыптасуында, олардың сыртқы көрінісі мәнерінде, қарым-қатыс және мінез-құлық мәдениетінде бірыңғай позицияда тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды тәртіптілікке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдерін қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
– Мектепке дейінгі балаларды тәртіптілікке, мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу шарттарының маңызын ашу.
– Мектепке дейінгі балалардың мінез-құлық нормаларын және әдіс-тәсілдерін қарастыру.
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі педагогика.
Зерттеудің объектісі: Мектеп жасына дейінгі балаларды тәртіптілікке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдері.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, оқулықтар, баспасөз жиынтығы, озат тәжірибені қолдану.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Категория: Педагогика | Добавил: sisx (20.10.2011)
Просмотров: 5500 | Рейтинг: 3.3/49
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz