Пятница, 20.10.2017, 17:02
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 241
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Педагогика

Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілетін дамыту (0026)
Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................... 3

1 Бөлім: Оқу – тәрбие әлеуметтік құбылыс.

1.1 Қазіргі қоғамдағы оқу-тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері....... 6
1.2 Оқу – тәрбие процесінде баланың жас ерекшелігін
ескерудің маңызы..............................................................................10
ІІ Бөлім: Білім мен тәрбиенің жаңашыл әдіс–тәсілдерін пайдаланып,
мектеп жасына дейінгі балалрдың интеллектуалдық
дене мүмкіндіктерін дамыту.
2.1 Оқушылардың ой-өрісін, адамгершілік қасиеттерін
қалыптастырудың тиімді жолдары..................................................13
2.2 Мектеп жасына дейінгі балардың жас кезеңдеріне
байланысты, тәрбие жұмысының жаңа әдіс–тәсілдерін
қолдану ерекшеліктері.......................................................................15

Қорытынды...............................................................................................24


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................25





Кіріспе
Оқу - тәрбие процесі біртұтастықты құрайды және әлеуметтік құбылыс ретінде біртұтастыққа қаралады. Егер оқуды және тәрбиені бөліп қарасақ, оның әрқайсысы өзінше біртұтастықтағы әлеуметтік құбылыс. Мәселен, тәрбие - әлеуметтік, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі. Ол- үйрету, оқыту арқылы әлеуметтік ортада жүреді. Сондықтан да ол - әлеғуметтік құбылыс.
Тәрбие қоғам пайда болған кезеңнен қалыптасып келеді. Адам баласы алғашқы қауымның өзінде жас ұрпақты өмірге бейімдеген. Қоғамда қандай өзгерістер болса, тәрбиеге де сол өзгерістер әсер етіп отырған.
Француз утопистері Ж.Ж.Руссо (1712-1778), Сен-Симон (1760-1825), Д.Дидро (1713-1784) балаға жан-жақты білім, тәрбие беріп, сол қоғамды өзгертпекші болған. Бірақ одан ешқандай нәтиже шықпады. Себебі бүкіл адам баласының сана-сезімі қоғаммен, қоршағн ортамен бірге қалыптасады. Сондықтан жеке адам тек қоғамда, қоғамның тарихи, ұлттық, таптық және бүкіл адам баласына тән еркешелік теріне сәйкес дамиды. Қоғам адамды байытады, адам қоғамды байытады.
Жалпы тәрбиені әлеуметтік құбылыс ретінде жеті тұрғыдан алып қаруға болады.
Біріншіден, тәрбие – мәңгілік ұғым. Ол тек адам баласына тән. Тәрбие жер бетінде адам баласымен бірге өмір сүреді. Әбу Насыр Әл-Фарабидің айтуынша: «Адамды жануарлардан ерекше бөліп тұрған қуат-оның ақыл-парасаты, яғни ойлай, сөйлей алу қабілеті.» Осы қабілет арқылы адам тәрбиесі саналы түрде жүргізіледі.
Екіншіден, тәрбие жас ұрпақтардың өмірге бейімделіп, қарттардың орнын басып, өндірісті дамыту қажеттілігінен туындайды. Сол үшін жас ұрпақты тәрбиелейді, өмір тәжірибесіне үйретеді, араластырады, қарым-қатынас, іс-әрекетті меңгертеді, тарихи кезеңдерге сай дамытады.
3
Тәрбие мен өндіргіш күш тығыз байланысты. Тәрбие арқылы өндіргіш күшті дайындайды. Ал өндіргіш күш тәрбиеге кері әсер етеді. Яғни тәрбиенің қоғамдық құбылыс ретіндегі негізгі мақсаты өндірісті дамыту үшін өндіргіш күшті дайындау. Тәрбие мен экономикалық базис тығыз байланысты.
Өндіргіш күштің дамуының нәтижесінде өндірістік жеке иелері пайда болады. Осы жерде өндіргіш күш пен өндіріс иелерінің арасында өндірістік қарым-қатынас туындайды. Осы құбылыстың өзі жас ұрпақты өмірге бейімдеп тәрбиелейді, экономикалық базисті құрайды.
Жалпы тәрбиенің мазмұны, түрі, әдісі, құралы қоғаммен, қоғамдық өндірістік қарым-қатынасымен тығыз байланысты. Жоғарыда айтқандай тәрбие қоғамды өндіріссіз өзгерте алмайды. Ол өндірістік қарым-қатынасқа байланысты. Жеке адам тәрбие мен өндірістік қарым-қатынастың, өндіріс иелерімен арақатынаста эконмикалық бизнеске әсерін тигізеді.
Үшіншіден, тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде қоғамдық сана – сезіммен де тығыз байлмнасыты. Себебі, жеке адамның сана-сезімі қоғамдық сана-сезім арқылы қалыптасады.
Төртіншіден, тәрбие қоғамдық құблыс болғандықтан қоғам өзінің тарихи кезеңдерін басынан өткізе отырып, тәрбиені де, тарихи кезеңдерге сай қалыптастырады. Адам баласы басынан бес тарихи кезеңді өткізіпті: алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленуші дәуір, феодалдық, капиталистік, бұрынғы кеңестік аумақта-социалистік дәуір. Тәрбие тарихи кезеңдерде ғана емес, тарихи жылдарда да өзгеріп тұрады. Оған дәлел кешегі кеңестік тәрбие мен бүгінгі бала тәрбиесіндегі көптеген қайшылықтар. Себебі кеңестік тәрбие бір бағытта жүрсе, бүгінгі тәрбие көп бағыттағы көзқараста.
Бесіншіден, тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан ол бірнеше топтардан және таптардан тұрады. Әрине КСРО кезінде «Бізде тап тартысы жоқ, таптық тәрбие буржуазиялық елдерге тән» деп келдік. Ол дұрыс емес. Себебі қоғам болғаннан кейін, сол қоғамның билеуші, іскер, бай, кедей, орта шаруа т.б. бөлінетін топтары және таптары болады. Бұл да тәрбиеге өз әсерін тигізбей қоймайды.
4
Алтыншыдан, тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде ұлттық тәрбиеден бастау алады. Ұлт-отбасынан кейінгі қауымдастық. Кеңес өкіметі кезінде: «Біз бәріміз бір ұлтпыз. Ұлтымыз- кеңестік» деп келдік. Соның салдарынан тілден, діннен, салт-дәстүрден, тарихтан айырылып қала жаздадық. Шындығында әр ұлттың өзіндік ұлттық тәрбиесі бар. Классикалық педагогиканы ұлттық педагогикамен жандандырып жастарға осы заманға сай тәрбие беру керек. Әр ұлттың өзіндік психологиясы, тілі, діні, салт-дәстүрі бар. Осының бәрі баланы ұлт өкілі ретінде тәрбиелейді. Ол ана сүтімен беріледі.

Курстық жұмыстың мақсаты: Білім мен тәрбиенің жаңашыл әдіс-тәсілдерін
пайдалану, оны оқушылардың әр жас кезең-
дерінде пайдаланудың жолдарын қарастыру.
Зерттеу міндеттері: 1) Оқушылардың интеллектуалдық дене мүмкіндіктерін
дамытуда оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың
мазмұнын ашу.
2) Білім мен тәрбиенің жаңа әдістерін мектеп жасындағы
балалардың жас кезеңдеріне байланысты оқу-тәрбие
жұмыстарында пайдалану әдістерін таңдап,
ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу объектісі: Әр жас кезеңдеріне байланысты оқу-тәрбие процесіне
жаңаша ұйымдастыру жолдары
Зерттеу пәні: Педагогика
Зерттеу әдістері: Ғылыми – әдістемелік талдау, сұрыптау жасап озат тәжірибелерді жинақтау, көркем шығармаларды, өнер туындыларын пайдалану.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Категория: Педагогика | Добавил: sisx (20.10.2011)
Просмотров: 6557 | Рейтинг: 2.5/25
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz