Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар беру (0010)) - Педагогика - Каталог статей - Қазақша курстық жұмыстар
Четверг, 19.01.2017, 20:07
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 232
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Педагогика

Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар беру (0010))
Мазмұны



Кіріспе………………………………………………………………………….3-4


І Бөлім. Еңбек тәрбиесі ертеден қалыптасқан тәрбие салаларының бірі

1.1. Мектептегі еңбек тәрбиесінің маңызы, міндеттері………………….5-9

1.2. Еңбекке үйрету және оған байланысты оқуды
ұйымдастырудың формалары………………………………………..9-15


ІІ Бөлім. Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар беру

2.1. Еңбек тәрбиесі жүйесінің ерекшеліктері……………………………16-19

2.2. Оқушыларға еңбек процесінің барысында азаматтық,
құлықтылық, эстетикалық аспектілер мен құрылымдар бойынша кәсіптік бағдар беру………………………………………………………..19-22

Қорытынды……………………………………………………………………23

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………..24




Кіріспе

Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Ал халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады. Адам еңбексіз дамымайды, кері кетеді, азады.
Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып, жетіледі, еңбектің мәні және қүндылығы
артады.
Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ежелден-ақ ата-ана парызы, бүкіл халық міндеті болды.
Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Адам өзінің жан және тән сұлулығын еңбекте ғана көрсете алатындығына назар аударады. Сондықтан да баланы еңбекке тәрбиелеу үйелменнің қасиетті борышы. Жас ұрпақтың еңбекке қатынасы халық ауыз әдебиетінің өзекті мәселесі ретінде жырланды.
Жас ұрпақты халқымыз жалпы еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, "он саусағынан өнері тамған" нақты кәсіп иесі болуын көздеді. Бұл жерде еңбек дағдыларын меңгеруде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсінді.
Қоғамның ең басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу қоғамның өмір салтының алғы шарты болып табылады.
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.
Жасөспірімді, еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар: балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау: оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру; еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту, оқушылардың ынтасын және қабілетін дамыту.
Балаларды енбекке психологиялық және практикалық тұрғы-дан дайындау - бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталанып орындауға үйрету.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар берудің жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
– Мектептегі еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттерін қарастыру.
– Еңбекке үйрету және оған байланысты оқуды ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерттеу.
– Оқушыларға еңбек процесінің барысында азаматтық, құлықтылық, эстетикалық аспектілер мен құрылымдар бойынша кәсіптік бағдар берудегі оқытушының рөлі.
Зерттеу объектісі: Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар беру.
Зерттеу пәні: Педагогика.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспасөз материалдары, озат тәжірибеден.
Курстық жұмыс: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Категория: Педагогика | Добавил: sisx (10.10.2011)
Просмотров: 1622 | Рейтинг: 4.0/4
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz