Четверг, 14.12.2017, 11:25
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 241
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Педагогика

Мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру және оны тәрбиелеу жолдары (0027)
Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................................3-4

І бөлім.
Негізгі мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру және іс-әрекетін ұйымдастыру әдістерінің педагогикалық-психологиялық теория негіздері.

1.1. Оқушы бойындағы мінез-құлық туралы жалпы түсінік. Мінездің құрылымы мен қасиеттері.......................................................................... 6-12

1.2. Негізгі мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру және оның тәрбиелеу жолдары.................................................................12-21

ІІ бөлім.
Оқушылардың санасына және мінезіне педагогикалық ықпал жасаудың бірлігі.

2.1. Жас ұрпақтың құлық тәрбиесінде ұлттық тәртіп пен мінез ерекшеліктерінің алатын орны.................................................................21-26

2.2. Қиын оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары........26-29

Қорытынды..........................................................................................................30

Қосымшалар.................................................................................................. 31-35

Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................36

Кіріспе

Мінез адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерінен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым- қатынасын айқындайды.
Мінез - оқушының негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке оқушыны әр қырынан көрсететін қасиет. Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда, оқытушы мемлекеттік құжатқа сүйенуі қажет. Сонымен қатар мемлекет заңдарын орындайды. Ережелер- оқушының мінез-құлық заңы. Осыған сәйкес мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыруда бірнеше тәрбие әдістерін қолдану қажет. Оқушылар көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді. Жастардың ынтасын, белсенділігі оларды өз біліміне, өмір тәжірибесінде мінез-құлық ерекшеліктеріне сынмен қарауға тәрбиелейді.
Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу басты мақсатқа бағытталған іс - әрекет.
Қазақстан Республикасының "Ұлттық энциклопедиясында” адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: " Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы”. Халықтың дүниетанымында мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекетерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сену, ар-ұятты сақтау, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық т.б.
Тәрбиелі болу үшін адамгершілік нормаларын құр жаттап алу жеткіліксіз, оны терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру және толғануды мінез-құлыққа бекіту керек. Мектепке дейінгі жаста балалардың бастапқы сезімдері мен мінез-құлықтың қарапайым белгілері қалыптасады. Балада қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте адамдармен және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынаста көзге түседі. Негізгі мектеп оқушыларында мінез-құлықтың, сана мен сезімнің жаңа түрлері одан әрі дамытылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Негізгі мектеп оқушыларының қоғамдық мінез-құлқын қалыптастыру және іс-әрекетін ұйымдастыру әдістерін қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
- мінез туралы жалпы түсінік беру, мінездің құрылымы мен қасиеттерін қарастыру.
- мінез құлықпен іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін қолдану.
- ұлттық тәртіп пен мінездің ерекшеліктері және алатын орнын қарастыру.
- қиын оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі: негізгі мектеп оқушыларының мінез-құлықын қалыптастыру және іс-әрекетін ұйымдастыру әдістерін қарастыру.
Зерттеу пәні: Педагогика
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдістемелік әдебиеттер, озат педагогикалық тәжірибелер, баспасөз материалдары, зерттеу тәжірибелері.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалардан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Категория: Педагогика | Добавил: sisx (20.10.2011)
Просмотров: 5583 | Рейтинг: 3.2/24
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz