Суббота, 29.04.2017, 00:44
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 238
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Педагогика

Мектеп оқушыларына құқықтық тәрбиені қалыптастыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру. (0028)
Мазмұны




І. Кіріспе
І. Бөлім. Мектептің оқу процесінде оқушыларға құқықтық
тәрбиені қалыптастыру.
1.1. Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні, танымдық сипаты
1.2. Оқу процесінде құқықтық мәдениетті
қалыптастырудың ерекшеліктері
ІІ Бөлім. Мектепте жүргізілетін құқықтық тәрбие
жұмысының жүйесі.
2.1. Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде оқушылардың
сана сезімдерін қалыптастырудың жолдары
2.2. Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда жүргізілетін
іс-шаралар, оны жүзеге асырудың тиімділігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




Кіріспе
Көкейкестілігі. Оқушының мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершіліктің дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлігі мен батылдығы қалыптасады.
Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау да енеді. Тұлғаның осы сапалы болашақ еңбек қоғамы азаматының құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы міндеттерді орынды шешу мүмкін емес.
Құкықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады. Біріншісі кең мәнінде. Бұл құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды. Екіншісі, тұлғалық, педагогикалық және психологиялық мәніне қарау.
Құқықтық мәдениеттің тұлғалық мәнінде — бұл тұлғаның күрделі, кешенді қасиеттері. Негізінен тұлғаның құқықтың мазмұны бар әрекеттер мен қылықтарының орынды бағытын анықтайды.
Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда көптеген сұрақтар туындайды. Шындығына келсек, бұл сұрақтарға педагогика, психология, социология, медицина, заң т.б. ғылымдар әлі толық жауап бере алмай отыр.
Дегенмен, қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда аға ұрпақ іс-тәжірибесі мен қарым-қатынасты тәжірибесін негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін педагогика ғылымы мазмұнында қарастырғанымыз жөн.
Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс-әрекеті, межелер, мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей ме, бұл оның еркінен тыс жүреді. Қоршаған ортаның өмір талаптарынан қоғамнын еш жерінде жасырынып қалуға болмайды.
Өкінішке орай, күнделікті күйбең тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-ожданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап, сатып жүргендер де аз емес. Осының өзі мектептің алдына жас ұрпақтың шынайы құқықтық тәрбиесін зор міндет етіп қойып отыр.
Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Демократияны жетілдіру мемлекеттің жөне қоғамдық өмірдін құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді:
- заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
- заңның орындалуын бекіту;
- қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халық қатынасуы қажет;
- жеке адамның, бүкіл жүртшылықтың мәдениетін котеру;
- заң қызметкерлерінің сөз бен ісінің бірлігі, тұлғасынын кіршіксіз таза болуы.
Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойында болу қажеттігі шығады. Қоғамның қандай қоғам екендігіне баға беру көп жағдайда адам тұлғасының құқықтық мәдениетінің деңгейімен айқындалады.
Талантты педагог В.А.Сухомлинскийдің "қоғамды мазасыздандырып отырған құбылыстардың басты себебі мектептегі оқу жылдарындағы зиялылық мұраттарының бишаралығы және қуыс кеуделілігінің негізінде дамып отырған жас өспірімдер мен жастар арасындағы маскүнемдік, бұзақылық, уақытты мағынасыз өткізу" деген тұжырымымен толық келісуге болады.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпы адамзаттық рухани мәдениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: негізгі сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің мазмұнына қарастырып, жас ұрпақтың бойындағы адами құндылықтар мен мәдениеттілікті жетілдіру, педагогикалық – психологиялық мәселерін айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениеттің педагогикалық-психологиялық мәселелерін қалыптасыру.
2. Негізгі сынып оқушыларына құқықтық мәдениеті қалыптасрырудың маңыздылығын ашу.
Зерттеу объектісі:
Негізгі сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің мазмұны.
Зерттеу пәні: Педагогика.
Зерттеу әдістері: Педагогикалық құбылыстарды бақылау, әдебиеттерді зерттеу, анкета жүргізу, педагогикалық тәжірибе, салыстыру, саралау мен қорытындылау.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Категория: Педагогика | Добавил: sisx (20.10.2011)
Просмотров: 4604 | Рейтинг: 3.6/27
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz