Мектеп оқушыларына құқықтық тәрбиені қалыптастыру (0024). - Педагогика - Каталог статей - Қазақша курстық жұмыстар
Понедельник, 27.03.2017, 09:40
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 235
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Педагогика

Мектеп оқушыларына құқықтық тәрбиені қалыптастыру (0024).
Мазмұны




І. Кіріспе_____________________________________________________3-4
І. Бөлім. Мектептің оқу процесінде оқушыларға құқықтық
тәрбиені қалыптастыру.
1.1. Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні, танымдық сипаты_____6-9
1.2. Оқу процесінде құқықтық мәдениетті
қалыптастырудың ерекшеліктері __________________________10-16
ІІ Бөлім. Мектепте жүргізілетін құқықтық тәрбие
жұмысының жүйесі.
2.1. Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде оқушылардың
сана сезімдерін қалыптастырудың жолдары_________________17-23
2.2. Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда жүргізілетін
іс-шаралар, оны жүзеге асырудың тиімділігі_________________24-27

Қорытынды ________________________________________________28-29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі _______________________________30












Кіріспе
Оқушының мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершіліктің дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлігі мен батылдығы қалыптасады.
Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау да енеді. Тұлғаның осы сапалы болашақ еңбек қоғамы азаматының құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы міндеттерді орынды шешу мүмкін емес.
Құкықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады. Біріншісі кең мәнінде. Бұл құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды. Екіншісі, тұлғалық, педагогикалық және психологиялық мәніне қарау.
Құқықтық мәдениеттің тұлғалық мәнінде — бұл тұлғаның күрделі, кешенді қасиеттері. Негізінен тұлғаның құқықтың мазмұны бар әрекеттер мен қылықтарының орынды бағытын анықтайды.
Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда көптеген сұрақтар туындайды. Шындығына келсек, бұл сұрақтарға педагогика, психология, социология, медицина, заң т.б. ғылымдар әлі толық жауап бере алмай отыр.
Дегенмен, қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда аға ұрпақ іс-тәжірибесі мен қарым-қатынасты тәжірибесін негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін педагогика ғылымы мазмұнында қарастырғанымыз жөн.
Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс-әрекеті, межелер, мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей ме, бұл оның еркінен тыс жүреді. Қоршаған ортаның өмір талаптарынан қоғамнын еш жерінде жасырынып қалуға болмайды.


Курстық жұмыстың мақсаты: негізгі сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің мазмұнына қарастырып, жас ұрпақтың бойындағы адами құндылықтар мен мәдениеттілікті жетілдіру, педагогикалық – психологиялық мәселерін айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениеттің педагогикалық-психологиялық мәселелерін қалыптасыру.
2. Негізгі сынып оқушыларына құқықтық мәдениеті қалыптасрырудың маңыздылығын ашу.
Зерттеу объектісі:
Негізгі сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің мазмұны.
Зерттеу пәні: Педагогика.
Зерттеу әдістері: Педагогикалық құбылыстарды бақылау, әдебиеттерді зерттеу, анкета жүргізу, педагогикалық тәжірибе, салыстыру, саралау мен қорытындылау.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Категория: Педагогика | Добавил: sisx (20.10.2011)
Просмотров: 1013 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz