Мектеп оқушыларын әсемдік көзқарасқа тәрбиелеу (0002) - Педагогика - Каталог статей - Қазақша курстық жұмыстар
Четверг, 19.01.2017, 20:07
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 232
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Педагогика

Мектеп оқушыларын әсемдік көзқарасқа тәрбиелеу (0002)


Мазмұны


Кіріспе............................................................................................................3
І бөлім. Мектеп оқушыларының әсемдік түсініктерін қалыптастыра отырып, әсемдікке көзқарасты тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық мәселелері.
1.1. Әсемдікке тәрбиелеудің теориялық негіздері......................................6
1.2. Әсемдікке тәрбиелеу туралы ұғым, оның қазіргі заманғы мәні, ерекшелігі................................................................................................................12
ІІ бөлім. Мектеп оқушыларының әсемдік түсініктерін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері мен оның жаңаша сипаты.
2.1. Әсемдікке көзқарасты тәрбиелеудегі халық педагогикасы мен мәдениеттің рөлі және іске асырылу жолдары....................................................18
2.2. Оқушылардың әсемдікке көзқарасын тәрбиелеудің инновациялық жолдары...................................................................................................................27
Қорытынды.................................................................................................37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................39














Кіріспе
Қазіргі таңда тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты мақсаты:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүр-лерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажет-тігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
деп көрсетілген. Осыған байланысты оқушыларды ұлттық және мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаны тәрбиелеу барысында әсемдік тәрбиесінің маңызы зор. Оқушылардың шынайы өмірге, өнерге әсемдік қарым-қатынастарын қалыптастыру. Бұл шығармашылық тұрғыдан ізденімпаз тұлғаны дамытудың факторы саналады. Осыған орай оқушылардың әсемдік тұрғыдан қабылдау және бақылау қабілеттерін дамытудың қажеттілігі артады. Осы қабілеттердің дамуы өмір мен өнердегі әсемдікті, ұлылықты, шынайылықты түсінуге және оларды талғамсыздықтан ажыра білуге мүмкіндіктер жасайды. Әсемдікті, ұлылықты қабылдау адамда алуан түрлі сезімге бөлеп, жағымды әсер қалдырады. Қазіргі уақытта әрбір педагог тарихи мәдени мураларды, сәндік – қолданбалы өнерді, музыканы оқушылардың көркемдік – эстетикалық тәрбиесінде мақсаттылықпен қолдана білуі тиіс. Өйткені өнер-формасы жағынан да, мазмұны жағынан да оқушылар үшін түсінікті, олардың сұлулық сезімін дамыту күшіне ие. Бұл оқушылардың туған халқының ұлттық мәдениетін игеруге, барлық дәуірлердегі шығармашылық еңбекке сұлулық идеалы мен эстетикалық қажеттілігінің қалыптасуына ықпал етеді. Сөз жоқ, өнерді жасөспірімдердің эстетикалық көзқарасын қалыптастыру құралы деп санауға мүмкіндік береді. Қазіргі білім беру жүйесіндегі жетекші бағыттар қатарынан эстетикалық мәдениет мүмкіндіктерінің табылуы игілікті іс болмақ.
Әсемдік тәрбиесі – тұлғаның қажеттену және қабілет секілді мүмкіндіктерін дамыту арқылы адамды сұлулықтан ләззат алумен бірге өмірді тұрмысты көркемдік «заңдылықтары» негізінде эстетикалық құндылықтар жарататын белсенді жасампаздыққа жетелейтіндей етіп баулиды. Әсемдік тәрбиесінің басқа тәрбиелерден айырмашылығы, ол адамның бүкіл жан дүниесіне әсер етіп, оны толық жаулап алады. Адамның табиғат және өзі туралы, көркемөнер құндылықтары туралы эстетикалық білімнің жан-жақты және мол болуы қабілетінің дамуына әсер етеді және тұлғаның қоғамдық ортада толымды мүше ретінде сезінуіне, мамандығын жете меңгеруіне, кәсіптік көзқарасының терең мағынасы болуына алып келеді. Оқушылардың қабілеттерін дамытып қана қоймай, эстетикалық мағыналы құбылыстарды сезімінен өткізу мен бағалау, одан рахат алуы секілді әлеуметтік мәнді сапаларын қалыптастырады.
Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі-бүгінгі күннің тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. Ел жастарының патриоттық қасиетін, дүниетанымдық көзқарасын, жағымды мінез-құлық нормалары мен сыпайы этикалық қарым-қатынастарын эстетикалық тәрбие арқылы қалыптастыру үлкен сұранысқа ие болуда.
Әрбір қоғам дамуының әлеуметтік мәселелері адамның рухани – эстетикалық мәдениетінің дамуымен тікелей байланысты. Бұл байланыстың жеке адамды рухани жан-жақты, эстетикалық мәдениетті жетілген тұлға етіп тәрбиелеудегі мәні ерекше.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Мектеп оқушыларының әсемдік түсініктерін қалыптастыра отырып, әсемдікке көзқарасты тәрбиелеудің қазіргі заманғы сипатын қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Әсемдікке тәрбиелеудің теориялық негіздеріне түсінік беру.
2. Оқушылардың әсемдікке көзқарасты тәрбиелеудің инновациялық жолдарын қарастыру.
3. Әсемдікке көзқарасты тәрбиелеудегі халық педагогикасы мен мәдениеттің рөлін, оның іске асыру жолдарын көрсету.
Зерттеу объектісі: Мектеп оқушыларының әсемдік тәрбиесі.
Зерттеу пәні: Педагогика.
Зерттеу әдістері:
- ғылыми педагогикалық әдебиеттерді, баспа материалдарын сараптау.
- озат педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, ендіру.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Қорытынды.


Түрлі замандарда әсемдік жөнінде түрліше ұғымдар болып келді. Себебі, заман өзгерді, моральдық құндылық та өзгерді. Әрине, нағыз құнды нәрсе еш уақытта өз құндылығын жоғалтпайды. Бірақ уақытша болса да соған көзқарас өзгеруі мүмкін. Эстетикада әсемдік деп адамның бойына біткен толыққанды әстетикалық әсерленуді айтамыз. Ол адамға эстетикалық ләззат береді. Әсемдік табиғатта, қоршаған ортада, өнерде болады. Әсемдік бірдей бағаланбайды, ол адамның эстетикалық сауаттылығына, санасына байланысты.
Эстетикалық сана - әлеуметтік тәжірибеде қалыптасқан талғамдардың, көркемдік көзқарастардың, түсініктер мен мұраттардың жиынтығы деп айтуға болады. Эстетикалық сана ең алдымен өмірдегі, өнердегі әсемдікпен үнемі жанасу негізінде дамиды. Мектеп оқушыларының күнделікті іс-әрекеті арқылы жүріп-тұру, киіну, тазалық тәртібі қалыптасып, сабақ барысында эстетикалық көзқарасы пайда болады. Оқушылар сұлулықты сезіне отырып, өнер шығармашылығымен етене танысып эстетикалық әсерге бөленеді, сұлулық пен әсемдікке тәрбиеленеді, олардың эстетикалық талғамдары жетіледі. Сондай-ақ аталған өнер туындыларының барлығының мазмұнын жете меңгеруі арқылы олардың ақыл-ойлары өседі, адами сапалары толыса түседі, рухани – адамгершілік сапалары артады, шеберлігі шыңдалады.
Бүгінгі еліміздің тәуелсіздік жағдайында жас ұрпаққа, оқушыларға ұлттық идеялар негізінде тәлім-тәрбие беру және жалпы адамзаттық өркениеттікке кірігу барысында бұл мәселені жалпы қоғам болып шешімін іздестіру хақында педагогика ғылымы да үлкен талпыныс танытуда. Осыған орай, жаңа қоғам адамның эстетикалық мәдениеті бейнесін қалыптастыру жөніндегі міндет еліміздің оқу жүйесінің барлық буындарында қолдауға ие.
Адамның эстетикалық мәдениеті- оның жалпы мәдениетінің жарқын бір көрсеткіші. Бұл – дағы туған, өскен ортаға, табиғат құбылыстарына, алған білімге, тәлім-тәрбиесіне, қоғамда атқаратын қызметіне байланысты көрініп отырады.
Оқушыларға әр уақытта толық сенімділкпен қарап, олырды әсемдікке тәрбиелеуде мұғалімдер басшылыққа алып, оларға көмек-нұсқау беріп отырулары қажет. Сондықтан, еліміздегі мектептерде қазіргі заманға сай етіп жас ұрпақты әсемдікке тәрбиелеу үшін бейнелеу өнерін, ән-би сайыстарын, арнайы іс-шараларды, көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыруды жаңа заманға сай етіп қарастыру басты назарда. Осы жұмыстарды жаңа заманға сай етіп жасаса, оқушылардың әсемдікке көзқарасы молайып, жаңаша сипатта болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы, 2007 ж.
2. Әбенбаев С. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі». «Дарын» 2007 ж.
3. Әбиев Ж.
Бабаев С. «Педагогика». «Дарын» 2004 ж
Құдиярова А..
4. Мұсаева С.А. «Жас ерекшелік педагогикасы» Астана 2006 ж.
Бегалиев Т.Б.
5. Курбанходжаев С.Н. «Этнопедагогика» Түркістан 2005 ж.
Аңламасова Г.А.
6. Қоянбаев Ж.Б. «Педагогика» Алматы 2000 ж.
Қоянбаев Р.М.
7. Қазақстан мектебі. №2. 2003 ж.
8. Қазақстан мектебі №4 2001 ж.
9. Қазақстан мектебі. №6. 2009 ж.
10. Қазақстан мектебі. №4. 2006 ж.
11. Қазақстан мектебі. №5. 2005 ж.
12. Қазақстан мектебі. №4. 2009 ж.
13. Бастауыш мектеп №5 2008 ж.
14. «Ізденіс» журналы. №4. 2004 ж.
15. «Ізденіс» журналы. №6. 2005 ж.
16. «Ұлт тағылымы». №3. 2002 ж.
17. «Қазақ тілі» журналы. №3. 2007 ж.
18. «Қазақ тілі және әдебиеті» журналы. №9. 2008 .ж.
Категория: Педагогика | Добавил: sisx (25.09.2011) E
Просмотров: 2669 | Рейтинг: 1.3/3
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz