Мұғалімнің міндеті, мақсаты және қабілеттілігі мен шеберлігі. (0031) - Педагогика - Каталог статей - Қазақша курстық жұмыстар
Четверг, 19.01.2017, 20:07
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 232
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Педагогика

Мұғалімнің міндеті, мақсаты және қабілеттілігі мен шеберлігі. (0031)
Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................3-5
І. Жаңашыл мұғалімнің қоғамдағы орны мен қызметі және оған қойылатын талаптардың теориялық негіздері.
1.1. Мұғалім мамандығының ерекшелігі...........................................................6-9
1.2. Мұғалімдік қызметтің мақсаты мен міндеттері.......................................9-13
1.3. Мұғалімнің мамандығына қойылатын негізгі талаптар........................13-14

ІІ. Мұғалім мамандығының шеберлікке жету жолдары.
2.1. Мұғалімнің мамандық қабілеттіліктері..................................................15-21
2.2. Мұғалімнің мамандық этикасы мен шеберлігі.......................................21-25
Қорытынды..........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................27




Кіріспе

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқанындай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп.
Қай елдің болсын өніп-өркендеуі, өсуі, дүниеде өзіндік орнын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.
  Мұғалімдік – әлемдегі мамандықтар арасындағы ең – ең біріншісі алғашқысы, тұңғышы, құрметтісі, құдіреттісі, киелісі.
Мұғалім туралы әлемдегі ұлы да ұлағатты, дана да дара адамдардың данышпандық пікір ойлары өте көп.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің «Мұғаліміңді құрметте, ол сенің көкірек көзіңді ашқан» деген даналық қасиеті бар. Адамның көкірек көзі ашылмаса, ол – көр соқыр, қара тобыр, хайуани тіршілікпен өмір кешеді. Заттық байлық адамды рухани мәртебеге көтере алмайды. Өскелең өреге, биікке рухани тамаша қасиеттер жеткізеді. Мұғалім – өскелең өре, рухани биіктік мамандығы.
 Олай болса, халық пен мемлекеттің тағдыры мұғалімнің қолында.
Мұғалімнің бұл қасиеттерін көр соқырлар, қара тобырлар білмейді, түсінбейді, сезбейді. Айта берсе, олар өздерін жаратқан Алланың кеуделеріндегі жандарының барлығын да сезбейді. Көршілеріне, туыстарына қасындағыларға тиісіп, ренжітіп жүреді. Адамға пайдасы тиер, ертең керек болар деген оймен қарайды, сәлемдеседі, сыйлайды, бас иеді, хамелеонша екі жүзділікпен құрдай жорғалайды. Себебі, олардың көкірек көздері ашылмаған. Сондықтан олар хайуани тіршілікпен өмір кешеді, тұңғиық шыңыраудағы бірдеңелер.
Корольдер, императорлар, патшалар, президенттер, генералдар, өнертапқыштар, өнерпаздар – бәрі мұғалімнен оқыған. Сондықтан да мұғалім мәртебесі, дәрежесі биік, асқақ, ардақты, атақты.
Мұғалімдік қызмет – адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс. Мұғалімнің сөзі – жан азығы. Ол жаныңды өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, өмірге қызықтырады, шаттыққа бөлейді, өмір жасын нұрландырады, рухани биіктікке көтереді.
Құдіретті де мәртебелі, қасиетті де киелі, осы мамандықтың иесі мұғалімнің бірі – мен, сіз және біздің әріптестеріміз.
Мұғалімнің бұл қасиеттерін үлкен жүректі жаны жайсаң, кең пейілді, меценат – Атымтай жомарт, парасатты адамдар өте жақсы біледі. Мұғалімдерді қадірлейді, оларға сый-құрмет көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Жаңашыл мұғалімнің қоғамдағы орны мен қызметі оған қойылатын талаптар және педагогикалық мамандықтардың ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Мұғалімдерге қойылатын негізгі талаптардың мәнін ашу.
2. Жаңашыл мұғалімдердің қоғамдағы орны мен қызметі жайлы түсінік беру.
3. Мұғалім мамандығының ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеу объектісі:
Мұғалімнің қоғамдағы орны мен атқаратын міндеттері.
Зерттеу пәні:
Педагогика.
Зерттеу әдістері:
Ғылыми әдебиеттер, баспасөз материалдары, озат педагогикалық технологиялар.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, зерттеу бөлімінен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Категория: Педагогика | Добавил: sisx (24.10.2011)
Просмотров: 16962 | Рейтинг: 3.4/161
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz