Пятница, 20.10.2017, 16:58
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 241
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Педагогика

Халықтық ауыз әдебиетінің бала тәрбиелеудегі орны мен рөлі (0003)
Жоспар

Кіріспе……………………………………………………………………..3-5

І бөлім. Қазақ халқының бала тәрбиесіндегі ауыз әдебиеті
үлгілерін пайдаланудың педагогикалық негізі …………………..6-11

1. Қазақтың халық шығармашылығы – балалар тәрбиесінің
құралы………..6-8
2. Халықтық ауыз әдебиетінің бала тәрбиелеудегі орны мен рөлі ...8-11

3. Қазақ халқының бай қазынасы арқылы жастарды дене тәрбиесіне, еңбекке
баулудың жолдары………………………………………12-15

4. Ауыз әдебиеті туындыларында жастарға адамгершілік
қасиеттерін қалыптастырудың әдістері………………………….15-19

Қорытынды ………………………………………………………………20

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………..21





Кіріспе
Көкейкестілігі. Өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихының ішінде қазақ халқы тәрбие саласында мол тәжірибе жинақтады. Оның негізінде белгілі әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасты.
Әдет-ғұрыптар, философ Н.С.Сарсенбаевтың сөзімен толықтыра айтқанда, "адамдардың қоғамдық мінез-құлқының, олардың өмір және тұрмыс салтының тарихи қалыптасқан, азды-көпті тұрақты нормалары, олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, қоғамдық пікірдің арқасында сақталады. Әдет-ғұрыптар - адамдардың тұрмысындағы қоғамдық қатынастардың тарихи қалыптасқан тұрақты нормалары...
...Дәстүрлер - адамдардың қоғамдық қатынастарының тарихи қалыптасқан тұрақты және мейілінше қорытылған нормалары мен принциптері, олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады және қоғамдық мінез-құлықтың арқасында сақталады". Яғни халықтық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер адамдардың өндірістік қызметі процесінде өмір қажеттерінен пайда болады. Оларда сол халықтың тек өзіне ғана төн үлттық «нері мен әдебиетінің жасампаз, шығармашылық тәжірибесі, тәрбие саласындағы орнықты қағидалары, принциптері, мінез-құлық нормалары, әдіс-тәсілдері, амал-жолдары топтастырылып бейнеленген. Осы орайда Сарсенбаевтың "Ұлттық өнер мен әдебиетке психикалық құрылым мен ұлттық сипат ұлттық мәдениетінің өзіндік сипаттары, белгілері мен ерекшеліктері түрінде көрінеді, олар көбіне ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер түрлерінде тұлғаланып көрінеді... "Қыз Жібек" немесе "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" революцияға дейінгі қазақ халқының бүкіл тарихын, тұрмысын және салт-санасын бейнелейді; оларды сол кездегі қазақ өмірінің энциклопедиясы деуге болады. Бұл шығармалардан қазақтар эпикалық, эстетикалық және танымдық тұрғыда орасан зор ләззат пен қанағат алады. Ол басқа ұлттар әкілдерінде осыншалық күшті сезімдер тудыра алмайды. Қырғыздардъщ "Манасымен" де, карелдердің "Калеваласымен" де жай осылай болады" - деген пікірін біз толық қолдаймыз. Әйтсе де автордың соңғы жолдарда келтірген осы бір тұжырымдамаларына, сол секілді "бір ұлттың халық музыкасы, әдеттенбейінше, басқа ұлттар өкілдеріне сондай сезім тудыра алмайды" деген тұжырымдарына байланысты айтылған басқа пікірлер де жоқ емес. Мәселен, филолог М.Базарбаевтың пікірінше, басқа ұлттың халық музыкасының тілін түсінбейтін, сезінбейтін ұлт әлемде жоқ. Дәлел ретінде өткен ғасырдағы орыс өкілдері В.Радловтын, А.Алекторовтын, Г.Потаниннын, Н.Березинның және қазақ халық поэзиясын қатты құмарлана жинап, жазып алып, жеке кітаптар етіп бастырған басқа да көптеген адамдардың қазақ халық поэзиясына деген сүйіспеншігілі мен таңданысын келтіреді
Әрбір ұрпақ өз көзі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны ата-бабалар дәстүрінде өмірде жинақталған тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, оларды мүмкіндігінше терең игере түсуі керек.
Тарихи этнографиялық кездерді және ауызекі халық шығармашылығын зерттеу, осы проблема жөніндегі зерттеулермен танысу, халықтың салт: дәстүрлеріне талдау жасау, қазақ халқы тәрбие процесінде балаларға ізгі көзқарас, балалар мен қыздар тәрбиесіне саралап қарау, жас ерекшеліктерін ескеріп отыру, ойын-сауық, еңбек процесінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, ұлттық мәдениетке, ана тіліне, туған жерге аялап қарау, балаларды еңбекке, өнерге, қолөнерге, әдеп мәдениетіне ерте баулу секілді мәселелерге аса кеңіл бөліп отырған деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Қазақ жерінің орасан зор көлеміне, рулық тайпалық бөлінуіне, сондай-ақ бауырлас халықтардың ықпалына қарамастан, түрлі аймақтардағы педагогикалық көзқарастардағы айырмашылық шамалы. Мұның өзі қазақ халқында жеткіншек ұрпаққа тәрбие берудің біртұтас өзіндік жүйесі қалыптасқан деп тұжырым жасауға негіз болады.
Тәрбиенің біртұтас өзіндік жүйесінің қалыптасуына ықпал етуші басты себеп қазақ халқының балажандылығы, балаға деген ерекше махаббаты, ілтипаты болса керек. Халықтың осындай ерен қасиетіне кезінде тамсанып, таңданбаған этнограф, фольклорист, зерттеушілер кемде-кем екені белгілі. Егер Шиле: "Қазақтың өз әйеліне немесе балаларына қол жұмсағанын біреу-міреу көрді ме екен. Олар әсіресе балаларға мейірімді" - десе, А.Диваев "Қазақтардың арасындағы тіпті аз уақыт болғандардың өзі олардың балажан екенін байқатады" - деп көрсетеді. Зерттеуші ғалымдардың сөздерінде үлкен шындық жатыр. Ежелден "Бала - адамның бауыр еті, көз нұры", "Алты жасар бала атқа мінсе, Алпыстағы шал алдынан шығып атын ұстар" деп қазақтар өз өмірлерінде баланың алатын орны ерекше екенін атап көрсеткен. "Бір баласы бардың бір ру елде малы бар. Екі баласы бардың екі ру елде малы бар. Үш баласы бардың үш ру елде малы бар. Төрт баласы бардың төбеден салған жолы бар. Бес баласы бардын дес бермейтін күші бар. Алты баласы бардың алладан басқа несі бар", деп баласы бар адамдарды "бақытты", "төрт құбыласы сай", "армансыз жандар" санаған.
Зерттеу жұмыстың мақсаты: Халықтық ауыз екі поэтикалық шығармашылығының тәрбие процесіндегі мәнін ашып, оларды іске асырудың жолдарын қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Халықтың ауыз екі поэтикалық шығармаларының педагогикалық-психологиялық мәселерін қарастыру.
2. Қазақтың халық шығармашылығының мәнін, маңыздылығын ашу.
3. Тәрбие процесінде халықтың поэтикалық шығармаларын іске асырудың жақтарын қарастыру.
Зерттеу объектісі – халықтық ауыз екі поэтикалық шығармаларын іске асырудың жолдары.
Зерттеу пәні: Педагогика.
Зерттеу әдістері:
- ғылыми әдістемелік әдебиеттер.
- баспасөз материалдары.
- озат педагогикалық тәжірибелер
- жаңа технологиялар
- мектепте оқу және тәрбие жұмыстарын бақылау, зерттеу жұмыстары.
Зерттеу жұмыстың құрылымы.
Зерттеу жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Категория: Педагогика | Добавил: sisx (10.10.2011)
Просмотров: 3643 | Рейтинг: 3.4/14
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz