Пятница, 29.03.2024, 15:39
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 254
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Педагогика

Дидактикалық ойындардың педагогикалық құндылығы оларды сабақтарда қолданудың жаңаша жолдары (0009)
Тақырыбы: Дидактикалық ойындардың педагогикалық
құндылығы оларды сабақтарда қолданудың жаңаша жолдары

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………….3-4

І Бөлім. Балалар өмірін ұйымдастыруда ойынның ролі
және оның маңызы

1.1. Ойын – балаларды тәрбиелеу және дамыту
құралының ерекшелігі……………………………………………..5-8

1.2. Дидактикалық ойындардың өзіндік ерекшеліктері……………9-12


ІІ Бөлім. Дидактикалық ойындардың педагогикалық
құндылығы оларды сабақтарда қолданудың жаңаша жолдары

2.1. Ойыншықтармен және ойын құралдарымен өтілетін
сабақтардың маңызы………………………………………………13-17

2.2. Дидактикалық ойындарға басшылық жасаудың мәні………..18-22


Қорытынды………………………………………………………………….23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………...24


Кіріспе

Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».
Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім».
Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
Ойын мен еңбектің өзара байланысы бұлардың арасында ұқсастық және айырмашылық болуымен айқындалады. А.С.Макаренко еңбектегі сияқты, ойында да жұмыс күші мен ой күші жұмсалады деп көрсетті: «Күш жұмсалмаған ойын, белсенді іс-әрекетсіз ойын — қашан да жаман ойын». Ойынның жұмыстан айырмашылығы тек қана мынада: «...жұмыс адамның қоғамдық өндіріске... материалдық, мәдени, басқаша айтқанда, әлеуметтік игіліктер жасауға қатысуы деген сөз. Ойын мұндай мақсаттар көздемейді, қоғамдық мақсаттарға оның тікелей қатысы жоқ, бірақ оған жанама қатысы бар: ол адамды жұмыс үшін қажетті дене күші мен психикалық күш жұмсауға үйретеді».
Сонымен бірге ойын да балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейту қажеттігін туғызады. Ойын білімдерді мақсат қоя және дәйектілікпен қайталауға, оларды ойын әрекеттерінде, ережелерде іске асыруға үйретеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Дидактикалық ойындардың педагогикалық құндылығы оларды сабақтарда қолданудың жаңаша жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
– Ойын балаларды тәрбиелеу және дамыту құралының ерекшеліктерінің мәнін ашу.
– Ойыншықтармен және ойын құралдарымен өтілетін сабақтардың маңызын, мазмұнын ашу.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі педагогика.
Зерттеудің объектісі: Дидактикалық ойындардың педагогикалық құндылығы оларды сабақтарда қолданудың жаңаша жолдары.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспасөз материалдары, озат тәжірибені қолдану.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Категория: Педагогика | Добавил: sisx (10.10.2011)
Просмотров: 5412 | Рейтинг: 2.7/41
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz