Балаларды музыкалық аспаптарда ойнауға үйретудің әдістері (0032) - Педагогика - Каталог статей - Қазақша курстық жұмыстар
Суббота, 25.02.2017, 05:08
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 233
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Педагогика

Балаларды музыкалық аспаптарда ойнауға үйретудің әдістері (0032)
Жоспар
Кіріспе

І бөлім. Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.
1.1. Балалар өміріндегі музыкалық ойыншықтар мен аспаптар, олардың жіктелу негіздері.
1.2. Қазақтың ұлттық саз аспаптары.

ІІ бөлім. Балаларға музыкалық аспаптарда ойнауды
үйрету әдістері.
2.1. Балалар музыкалық аспаптарында ойнауға үйретудің негізгі әдістері.
2.2. Музыкалық аспаптарда жеке ойнау, топ болып ансамбльмен орындау.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Кіріспе

Музыка — адам жанын жарқындататын өнер. Сондықтан музыка адам баласына қатты әсер етеді. Бірақ ойналған әуенді сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны тек музыканы жан — дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағымен ғана қабылдайды. Өйткені "Музыка — жүрек тілі", яғни сезім, қобалжу, көңіл - күйдің тілінен ұққан жөн.
Музыка — шынайы өнер, адамға әсер етіп, құдіреттің эмоциялық орасан зор күш арқылы эстетикалық талғамын оятады.
Музыканы тыңдау арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі мақсаттары жүзеге асады. Іс-қимыл бірге музыканы тыңдаумен қатар оны қиялдау арқылы басқа ғылыми салаларын жетік меңгерген үлкен септігін тигізетіні анық. Музыканы сезінген бала, ол математика пәнін жетік меңгеріп, яғни көрсеткіш көрсететіні баршаға аян. Музыка - сезініп қана қоймай, оны көз алдына елестете алып оқушы ана тілі мен әдебиет пәндерін жетік меңгеретін болады. Кейбір балалар музыканы жай ғана тыңдап, ешқандай әсер, сезіну, қобалжу, эмоциялық әсер ала алмаса, ол оқушы музыкадан басқа жалпы пәндерден білім көрсеткіші төмен болады. Музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы оқушылардың ой-өрісін, сезімін, санасын, киімін, талғамын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз.
Мектептегі оқушыларға берілетін тәрбие саласының бірі -эстетикалық тәрбие. Эстетикалық тәрбие өнер құралдары бойынша, яғни музыкада - дыбыс, суретте - бояу, әдебиетте - сөз арқылы жасалынған көркем бейнелер негізінде оқушының дуниетанымын арттырып, өмірдің шындығы мен әсемдікті сезіну қабілетін дамытуға жағдай жасайды.
Музыка сабағында оқушыларды музыка өнеріне баулу олардың әсем сезімдерінің тәрбиеленуіне, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасуына себебін тигізеді.
Музыкалық тәрбиенің мақсаттары мен заңдылықтарын анықтауда әдістеме көмегін тигізеді. Әдістеменің қалыптасуының тарихы мен дамуын білу аса маңызды, өйткені қазіргі кезенде осы саладағы жетістіктерді және кемшіліктерді анық байқауға мүмкіндік береді.
Музыкалық тәрбиені өмірмен байланыстыру, музыкалық өнерге деген қызығушылығын арттыру, оның тәрбиелудегі әсерін күшейту сияқты қажетті міндеттерді жүзеге асыруда музыка мұғалімінен өз пәнін жақсы меңгеріп және әрдайым жеке тұлғалы оқушыға көңіл бөлуін талап етеді. Оқушы – ол тыңдаушы, орындаушы екендігін есте сақтауы керек. Оның білгендігі мен тәжірибесі мұғалімге қарағанда аз бола тұрса да, музыкаға деген өзінің қатынасын білдіре алады.
Музыкалық тәрбие әдістемесін меңгеру — болашақтағы музыка мұғалімінің мектептегі жұмысының жемісін жетілдірудің қажетті құралы болып табылады.
Музыка пәнінің мұғалімі ән айту, музыка тыңдау, музыка сауатын меңгеру тәрізді сабақтың "дәстүрлі бөлімі" шеңберінің құрсауында қалмай, оны нақтылы өмір шындығымен, қоршаған орта туралы түсініктермен ұштастыра білуі тиіс.










Категория: Педагогика | Добавил: sisx (24.10.2011)
Просмотров: 3252 | Рейтинг: 3.0/24
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz