Четверг, 14.12.2017, 11:26
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 241
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Педагогика

Балалар ұйымдарының түрлері, олардың міндеттері мен жұмыс мазмұны (0012)
Мазмұны


Кіріспе…………………………………………………………….3-4
І Бөлім. Жастар қозғалысының даму жолдары және мақсаты
1.1. Жастар қозғалысының тарихи даму
жолдарының ерекшеліктері …………………………………..5-7
1.2. Балалар ұйымдарының іс-әрекеттері, негізгі
бағыттары………………………………………………………8-12
ІІ Бөлім. Балалар ұйымдарының түрлері, олардың
міндеттері мен жұмыс мазмұны
2.1. Мектеп пен оқушылардың өзін-өзі басқару
ұйымдары…………………………………………………13-20
2.2. Балалар және жасөспірімдер бірлестіктер
жұмысының ерекшеліктері және оның маңызы………...21-24
Қорытынды………………………………………………………25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………..……26
Қосымша………………………………………………………27-28


Кіріспе

Бүгінгі қоғам жағдайында Отан игілігі үшін қызмет ететін, балалар қозғалысының дамуына мүмкіншілік жасайтын ұйымдардың бірі - балалар мен жасөспірімдер бірлестігі.
Егеменді Қазақстан Республикасында балалар ұйымдары өздерінің жұмыстарын мектептермен ынтымақтастырып жүргізуде. Республикамызда болып жатқан демократиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, экологиялық өзгерістердің қозғалысына олардың да қатысы бар. Міне, осы тұрғыдан Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына сүйене отырып, жастардың қоғамдық ұйымдарының іс-әрекеттерін жаңа демократиялық талаптарға сай ұйымдастыруды қажет деп тапты.
Біздің Республикамыздағы жастар мен балалар ұйымдарының Одағы - ерікті, өзін-өзі басқаратын қоғамдық, көп ұлтты балалардың, жеткіншектердің және үлкендердің ұйымы. Олардың мақсаты - қоршаған дүниені тану және жақсарту үшін әрбір ұланға көмектесу, өз Отанының қадірлі азаматы етіп өсіру. Ұран «Отан үшін, жақсылық және әділдік».
Жастардың қоғамдық ұйымдарының танымдық және тәрбиелік іс-әрекеттерінің маңызы өте зор. Сондықтан, қоғамдық өмірдің барлық өрісінде болып жатқан өзгерістерді есепке алып, балалар қозғалысының одан әрі дамып жетілуіне жоғары, орта оқу орындары, спорттық ұжымдар, мемлекеттік, коммерциялық, мәдени-ағарту мекемелері, кәсіпорындары, ауыл шаруашылық ұйымдары үнемі көмек көрсетіп отырулары тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Балалар ұйымдарының түрлері, олардың міндеттері мен жұмыс мазмұнын қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
– Жастар ұйымдарының тарихи даму жолдары және оның ерекшеліктеріне талдау жасау.
– Балалар ұйымдарының іс-әрекеттері мен негізгі бағыттарын қарастыру.
– Балалар ұйымдарының түрлері, олардың міндеттері мен жұмыс мазмұнының мәнін ашып беру.
– Балалар және жасөспірімдер бірлестіктер жұмысының ерекшеліктерінің маңызын ашу.
Зерттеу объектісі: Балалар ұйымдарының түрлері, олардың міндеттері мен жұмыс мазмұны.
Зерттеу пәні: Педагогика.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспасөз материалдары, озат педагогикалық тәжірибелер т.б.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Категория: Педагогика | Добавил: sisx (10.10.2011)
Просмотров: 2272 | Рейтинг: 2.7/14
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу
Сайт достары

Copyright Sisco corp 2015 © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz