Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. (0025) - Педагогика - Каталог статей - Қазақша курстық жұмыстар
Понедельник, 22.09.2014, 08:12
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша курстық жұмыстар

Сайт менюі
Бізден сұрақ
Оцените мой сайт
Всего ответов: 175
Сайтқа кірушілер

Онлайн всего: 0
Гостей: 0
Пользователей: 0
Сайтқа кіру

Каталог статей

Главная » Статьи » Педагогика

Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. (0025)
Жоспар






Кіріспе................................................................................................................2-4


І. Тарау
1.1. Балаларға ақыл – ой тәрбиесін берудегі ана тілінің орны............5-8
1.2. Ақыл – ой тәрбиесінің міндеттері және олардың мәні...............8-10


ІІ. Тарау.
2.1. Тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу..................................10-14
2.2. Ойындар мен ойыншықтардың тіл дамытудағы маңызы.........14-20
2.3. Сабақ үлгілері:
1. Қыс қызығы............................................................................21-23
2. Менің Отаным – Қазақстан..................................................23-24

Қорытынды...................................................................................................25-26


Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................27







Кіріспе

Казақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін және Қазақстан Ресгубликасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету ережелері де қамтылған.
Тоғыз тараудан, 50 баптан тұратын бұл заң: жалпы ережелерден басталып, білім беру ұйымдары, білім беру бағдарламалары мен білім деңгейлері, білім беру жүйесін басқару, Білім беру процесін субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік кепілдіктері, білім беру экономикасы, білім беру саласындағы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік және өтпелі ережелерді қамтиды.
«Білім туралы» Заңды мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асыруда Казақстан Республикасы үкіметінің каулысы және мектепке дейінгі ұйымдардың үлгі ережесі, базистік оқу жоспарларымен бірге бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттар дайындалып жарық көруде. Құжаттарда мектепке дейінгі жастағы балалардың тәрбиесіне, жан-жақты ой-өрісі, дене бітімі, сөйлеу мәдениеті, ана тілінің дамуына жағдай жасау қажеттігі атап көрсетілген.
Заңдағы тікелей мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мәселелеріне тоқталатын болсақ, ол 23-бапта нақты берілген:
1. Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың, олардың дене және психикалық денсаулығын қорғап, нығайтуды, дамуында ауықтуы бар балалардың жеке қабілеттерін дамытуды, оған мұқтаж балаларға қажетті түзету жасауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік білім беру мен денсаулық сақтауды басқару орыындары мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасына қажетті әдістемелік және конституциялық көмек көрсетуді ұйымдастырады.
4. Бес (алты) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндеті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберіңде жүзеге асырылады.
Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады,-деп тұжырымдалған.
Жоғарыда айтылған негізгі, көкейкесті мәселелерді отбасында, балабақшада жүзеге асыру үшін келешекте кезек күттірмейтін іс-шаралар ұйымдастырылуы шарт.
Атап айтқанда:
- отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың арасындағы ынтымақтастықты сақтай отырып, ата-аналармен жұмысты жандандыру;
- мектепке дейінгі ұйымдардағы тәлім-тәрбие жұмысын жақсарту,
- тәрбиенің сан-саналы келелі мәселелерін шешетін қарапайым дағдыларын бала санасына орнықтыратын алғашқы білім негіздерін қалауға баса назар аудару;
- баланың жеке басын дамыту, денсаулығын нығайту, өз ойын жинақтай біліп, жаңа мәліметтерді тіл байлығы арқылы жеткізе білуге қызығушылықтарын арттыру,
- баланың өздігінен дербес іс-әрекет жасау, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын бағдарламалар мазмұнын айқындап, қалыптастыру;
- мектепалды даярлау топтарында 5-7 жастағы балаларды мектепке даярлау;
- білім беру жүйесінің басты мідеті - ұлттық сана және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды калыптастыру;
- педагог-тәрбиешілерді кәсіби шыңдауга қажетті мүмкіндіктерді толық пайдалану.
Тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт—тілі болуы қажет. Ұлттың тілі кеми бастауы үлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұр. Осы күнге түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ. Түркі балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы, күндерде бір күн түркі балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізгісі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түркі елінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік - дей келе:
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Таралған түркі балаларын бауырына
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім, - деп елдің болашағымен астастырып, жаны құрақ ұшып, жүрек жарды сөзін айтқан ұлы Мағжан Жұмабаевтың ойы еңсемізді езер ауыр шындық.
Әрине, тіл - әр ұлттың қасиетті белгісі, анасындай асыл, қымбат, аяулы. Ұлы Мұхтар Әуезов: «Бұл дәуірде өз ана тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам, толық мәнді интеллигент емес деуге болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады», - деген ой түйеді.
Тіл - рухани байлықтың қайнар көзі. Неғұрлым тілді терең ұғып, терең түсінсең, соғұрлым қоршаған ортаға деген көзқарасыңның молайып адамдарға ілтипатың өсіп отырады.
Қазақ тілінің сөйлеу ауқымы осы кезде өз дәрежесінде өсіп, кеңейіп келеді. Сөйлеу мәдениетінің түп тамыры ертедегі грек және римдіктердің шешендік өнерінде, одан бері қазақ ойшылдарының, данышпандарының, ақын-жырау, билердің туындыларында жатыр. Тілдік қатынас адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
Олай болса, балабақшада бала өз ана тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі - ауызша сөйлеп үйреніп жатады, ол сөздерді байланыстырып айту арқасыңда жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл-ой дамуымен біртұтас жүреді. Педагогика ғылымының тарихына үңілсек, баланың сөздің байланыстыра сөйлеуін дамытуда Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, СЛ.Рубенштейн, А.М.Леушина, Т.Тихеева және т.б. зерттеулерді бала тілін дамытуға көмек болатын еңбектер.
Бұл тақырып бойынша қазақ тілінде зерттеулер жүргізіп ғалымдар Б.Баймұратова, А.Меңжанова, М.Мұқанов, Х.Т. Дебелбаева және т.б. еңбектері де назар аудартуға тұрарлық.
Баланың сөзді байланыстыра айта білуі дегеніміз — сөз бен сөйлемдердің үлесімділігі ғана емес, бұл бір-бірімен байланыста келген, дұрыс сөйлемдерден құралған бала ойының сыртқы жаңғырығы. Бала сөйлеу барысында, ойлай білуге де үйренеді. Одан баланың ойлау логикасын, өзін қоршаған әлемді қаншалықты қабылдап, сыртқа жаңғырта білуін байқаймыз. Осындай басты-басты мәселелердің дұрыс шешілуін, жүзеге асу жолдарын тексеру мақсатында, балалар психологиясы мен мектепке дейінгі педагогикаға арналған оқулықтарда айтылғандай, баланың байланысты сөзін дамыту жолдарын негізге ала отырып, оның қаншалықты менгерілгенін қадағалап, тәжірибелер жасау әрбір тәрбиеші педагогтың атқарар ісі.
Жалпы бала тілін дамытуда, байланыстырып сөйлеуде қазақ балалар әдебиетінің көркем шығармалар мен ертегілердің, соның ішінде қазақ халқының ұмытылып бара жатқан парасатты, сөзге шешен адамдар туралы естіген, білгендерімізді пайдалансақ нұр үстіне нұр болмақ.
Ұзақ жылдар салып ортаға қайта оралған М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев және т.б. еңбектерін бала тәрбиесінде жан-жақты пайдалану - бүгінгі күннің парызы.
Жалпы бала тілін дамытуда, байланыстырып сөйлеуде, ертегі, аңыз-әңгімелердің, мақал-мәтел, жаңылтпаштардың асыл сөздер мұрасының әсері әлдеқайда басым. [1. 41-42 бет]
Категория: Педагогика | Добавил: sisx (20.10.2011)
Просмотров: 9999 | Рейтинг: 3.1/111
Всего комментариев: 0
Сайттан іздеу

Copyright MyCorp © 2014
Сделать бесплатный сайт с uCoz